«Жүрек жылуы» жалғасын тапты

458
науқас балаларға көмек көрсетілді
науқас балаларға көмек көрсетілді
науқас балаларға көмек көрсетілді

«Мектеп жастары ассосациясының» бастамасы «Береке күні» бастау алған болатын. «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында сатылым көрмесін ұйымдастырып, Мадияр Ақыновтың шетелде ем алуына қажетті каражат жинау бойынша қайырымдылық шарасы өткізілген болатын. Акцияда оқушы жастардың қолөнер жұмыстары сатылымға шығарылып,  түскен қаржы Мадиярдың шотына аударылған.

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында аталған қайырымдылық шарасының барысы туралы брифинг өткізілді. Брифингте аян болғандай, Мадиярдың еміне қажетті 1,5 млн. теңгенің орнына 2,2 млн.теңге түсіпті. Нәтижесінде, 1,5 миллион Мадиярдың шотына аударылса, қалған 700 мың теңге ауыр науқасқа ұшыраған, жағдайы төмен 7 отбасының балаларына бөліп берілді.

Оқушылардың бастамасы үлкендерді де қуантты
Оқушылардың бастамасы үлкендерді де қуантты

Аз болса мұндай көмекке балалардың ата- аналары ризашылықтарын білдірді. Ең бастысы науқас балалар қоғамнан шет қалмады. Көңіл бөлініп, қаржылай көмекте берілді. Жолмарт жастардың бары қуантты жиналған көпшілікті.

Алтынай Салқын: «Менің болашақта мұғалім болғым келеді. Жазылып кетсем, сабақтан қалмай оқысам дем армандаймын. Рахмет».