Жұмыссыздар «жұмыс іздеп» көтерілмек

418
ОҚО жұмыспен қамтуды үйлесіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшылығы жастармен кездесті

Жастолқын облыстық жұмыспен қамтуды үйлесіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылығына «Жас маман «жастар практикасы» бойынша жұмыс жасап жүргенде өзін жақсы жағынан танытуы керек, сонда ғана жұмыс істеуге мүмкіндік алады  дейсіздер. Жақсы қырынан дегенді Сіздер қалай түсінесіздер?» – деп сауал тастауын күйінгеннен деп түсіндірді. Осылайша жастар жұмыссыздықпен күресуде шарасызбыз деп отыр. Айтуларынша көбіне жоғарғы білімі бар жас маман қай кезде де өзін жақсы қырынан танытуға тырысады. Алайда таныс-білістік пен ашкөздік білімді маманның біліктілік арттыруына мүмкіндік бермейді. Әділдік жоқ деп наразылық білдірді осылай.

Айсәуле Мыңбаева жұмыс іздеп сандалып, енді күдерімді үздім деп шыр-пыр
Айсәуле Мыңбаева жұмыс іздеп сандалып, енді күдерімді үздім деп шыр-пыр

Айсәуле Мыңбаева, жас маман: «Менің жоғарғы білімім бар. Күн сайын жұмыспен қамту орталығына және «Жастар орталығына» келемін жұмыс сұрап. Құжаттарымды туралап, тапсырып та қойғанмын. Тіпті «Биржаға» да барамын жұмыс іздеп. Бірақ  біздегі сол «жартас», қатып қалған қағида өзгермей-ақ қойды. Басында білімі жоқтар таныс-білістік пен көке-жәкесінің арқасында жұмысқа кіріп жатыр. Ақша беріп, жұмысқа орналасуда. Мен мұндай жемқорлыққа қарсымын. Неге әділдік жоқ?! Ал мынау өтіп жатқан іс-шара жәй ғана көзбояушылық. Мен дәл қазір күдерімді үздім. Басқа амалым да қалмады ғой. Кімге барып шағымымды айта беремін. Бірақ ел боламын десек, әділдік орнауы міндетті екенін шенеуніктер ұмытып кетпесе екен деймін».

Бүгінде Оңтүсітікте жалпы саны 69 000 жұмыссыз болса, оның 21 900-ын жастар құрайды. Ал облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында 71 000 жұмыссыз жас тіркеуде тұр. Яғни 54 пайыз. Бүгінде оның жұмыспен 2100-і ғана қамтылып отыр. Ал дәл қазіргі уақытта 739 жастолқын “жастар практикасы” бойынша жұмыс жасап жүр, жыл соңына дейін 5300 жас маман осы бағдарламаға жүгінетін болады. Бұл үшін республикалық бюджеттен 931 млн. теңге қаржы қаралған. Ал мамандар кей жастардың ренішіне келіспейтінін айтады.

Асия Темірбаева техникалық мамандықтарға ғана жұмыс табылатынын айтады
Әсия Темірбаева техникалық мамандықтарға ғана жұмыс табылатынын айтады

Әсия Темірбаева, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары: «Мен оған келіспеймін, әрине. Әрбір жас жеке азамат ретінде өз жұмысын өзі таңдай білуі қажет. Жаңа да қозғалған мәселе осы болды. Жұмысты таңдай білу. Өз мамандығын оқыр алдын бірінші сол мамандықтың сұранысын міндетті түрде құнттап, айқындап алу қажет. Оқуға түсу үшін де саланың қоғамға қажеттілігін біліп алу керектігін тағы да қайталап айтамын. Бір айта кетерлігі, қазіргі жастар қарапайым жұмыстарға менсінбейді. Тек қана «креслода» отырғысы келеді. Бұлай болмайды, кәдімгі қарпайым жұмыстарға да тартылуы қажет қой. Ал қазіргі жоғарғы оқу орындары даярлап жатқан кадрларының көбісі бүгінгі еңбек рыногына сәйкес келмейді. Мен айтар едім дәл қазір техникалық мамандықтарға сұраныс басым. Оның ішінде Шымкент қаласының өзінде индустриялық аймақтың өзінде 36 кәсіпорын бар. 36 мамандық техникалық мамандықтар. Оларға бірінші кезекте қажет болып отырған жұмысшы. Білікті жұмысшы кадрлар. Ал бізге келіп жұмыс сұраушылар көбіне экономикалық және заңгерлік мамандықты талап етеді. Өкінішке орай біз ондай жұмыстарды тауып бере алмаймыз. Сондықтан жастарды қайта даярлауға, екінші мамандық яғни техикалық мамандық алуға кеңес беретін едік».

Көкейінде жүрген сауалдарды ортаға салған жастар жұмыссыздар қатарын азайтқысы келеді. Бұл – олардың басты арманына айналған. Өздері осылай дейді. Айтпақшы кездесудің соңында өңірдегі жастар саясаты мәселелері басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бастамалар басқармасы, “Ксәпкерлерге қызмет көрсету орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен “Жастар орталығы” мекемесі өзара төртжақты бірлескен меморандумға қол қойды. Сондықтан жуырда жастар жұмыспен қамтылады деген үміт те жоқ емес.