Бас имам жастармен жүздесті

Сұрақ-жауап бөлімінде бастырмалата сауал қойғандарға Бейбіт Мырзагелдиев байыппен, тұщымды жауап берді

Жастарға тағылымды тәрбие беріп, дұрыс жол сілтеуде дін мамандарының орны бөлек. Осы орайда облыстың имамдары жастар мәселесіне бей-жай қарап жүрген жоқ. Имам-молдалардың қатысуымен көптеген игі іс-шаралардың өтіп жатқандығы да мәлім.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі мен облыстық жас-тар саясаты мәселелелері басқармасы бірлесе тағы бір ілкімді іс-шараны қолға алды. Енді имамдар тікелей мешітте жастардың көкірек көзін ашып, мазалаған сауалдарына жауап беретін болады.

Алла үйіне алдымен қаладағы 6 колледждің шәкірттері шақырылыпты
Алла үйіне алдымен қаладағы 6 колледждің шәкірттері шақырылыпты

Әрине, ұрпақ тәрбиелеу-де жаңылысуға хақымыз жоқ. Әсіресе, желкілдеген жастарға тікелей мешітте үгіт-насихат айту құптарлық іс. Алғашқы жүздесу ә дегеннен облыстың бас мешітінде басталды. Алла үйіне алдымен қаладағы 6 колледждің шәкірттері шақырылыпты. Келушілердің саны 250-ге жуық. Облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы жиынды әдеттегідей Құран оқумен ашты. Одан кейін рухани әңгіменің түймесі ағытылды. Жастар да уағызға шөліркеп қалса керек, бас имамның сөзін ұйып тыңдады. Көкейін дүдәмәл ойлар мазалағандар аз емес екен. Сұрақ-жауап бөлімінде бастырмалата сауал қойғандарға Бейбіт Мырзагелдиев байыппен, тұщымды жауап берді.

 Тағабай ҚАСЫМ