Биыл Оңтүстікте егіс алқабы ұлғайды

660
Жалпы көлемі 785 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл себіледі

Оңтүстік Қазақстан облысында егіс алқабы 44 мың гектарға ұлғайды. Осылайша биыл жалпы көлемі 785 мың гектар жерге дәнді-дақылдар егілмек. Оның 140 мың гектарына өткен жылдың күзінде тұқым себілген.

 

Жалпы көлемі 785 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл себіледі
Жалпы көлемі 785 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл себіледі

 

Досыбек Сыдық, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
Досыбек Сыдық, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.

Досыбек Сыдық, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор:

«Күздік бидай егіп, қалдыра салуға болмайды. Әрине, қыс бойы жауған қардың ылғалы күздік астықтың өсуіне жақсы ықпал жасайтыны белгілі. Дегенмен, қыстың соңына қарай, мысалы, ақпан айында тыңайытқыш сеуіп, үстеп қоректендіруге болады. Айта кету керек, биыл Оңтүстікте осындай мүмкіндік болды. Сонымен қатар осы ақпан айынан бастап жаздық бидайды еге беруге болады. Биыл жоңышқа мен мақсары егетін адам мол өнім алады деген болжамымыз бар. Әрине, өнім өзінен-өзі өспейді. Оған тыңайтқыш сеуіп, күтіп-баптау керек. Арамшөбін тазалап, дәрі-дәрмектерді дер кезінде дайындап қойғаныңыз абзал. Көктемнің әр күнін тиімді пайдаланған адам биыл ұтады деп күтіп отырмыз.»

 

Биыл ерте жазда 480 мың гектар алқапта дала жұмыстары басталады. Дәнді-дақылдармен қоса, мақта, картоп, көкөніс, қарбыз-қауын, жем-шөп дақылдарын егу жұмыстары көзделіп отыр.

Қанатбек Оспанбеков, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
Қанатбек Оспанбеков, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы

Қанатбек Оспанбеков, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:

«Өткен жылмен салыстырғанда жем-шөп егілетін алқап 28 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл өз кезегінде жем-шөптің айналымына жақсы әсер етеді деп күтіп отырмыз. Біз қыстан қысылмай шығу үшін малға азықты молынан дайындауымыз тиіс.»

 

Бір айта кетерлігі, биыл мақта алқабы қысқартылады. Жалпы, 736 мың гектарға ақ алтын егіледі деп жоспарланып отыр. Осылайша алдағы 2-3 жылда мақтаның егістік алқабы азайтылады деп отыр мамандар. Ал одан босатылған жерге жем-шөп егілмек.
Биыл мемлекет дихандар мен шаруаларды қолдауын тоқтатпайды. Мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына облыс бойынша 32 мың тонна жанар-жағармай қарастырылды. Оның әр тоннасы 94800 теңгеден босатылмақ.

Биыл малдың жем-шөбіне баса назар аударылады
Биыл малдың жем-шөбіне баса назар аударылады