Бозарық шағынауданының тұрғындары суға жарымай отыр

569
Бозарық тұрғындары судан тапшылық көріп отыр
Бозарық тұрғындары судан тапшылық көріп отыр
Бозарық тұрғындары судан тапшылық көріп отыр

Шымкентте таза суды сатып алып ішетіндер әлі бар. Қаланың іргесіндегі «Бозарық» елдімекенінде бір бөшке су бір жарым мың теңгеден сатылады. Әбден қалтасынан қағылып шаршаған жұрт наразы. Ал Әл Фараби ауданы  әкімдігі болса, мәселені шешемізбен келеді. Шымкенттің іргесінде тұрса да, мұндағылар үшін таза су алтынмен тең. Бөшкелеп сатып алып ішеді. Бағасы да арзан емес. Бір жарым мың теңге. Қыстан шыға сала таза су таппай қысыламыз,- дейді тұрғындар.

Гүлмира Мұрғазиева, Бозарық шағынауданының тұрғыны: «Көшенің ортасыннан су тасимыз. Кейбір кезде су таситындардан судың бір текше метрін бір жарым мың теңгеге сатып аламыз. Қыс бойы су болып тұрады. Диқаншылық басталғалы көрген күніміз осы. Былтыр көшемізге су құбырларын тартты».

Құбыр тартқанымен су жоқ. Ал шағынауданмен аттас саяжайда жағдай тәуірлеу. Бірақ бозарықтықтар бозарып таң атқаннан суға кезекке тұрады. Суды осындағы мұнарадан кесте бойынша алады екен. Тасып ішу әбден шаршатты дейді.

Тұрсынбай Исмаилов, Бозарық саяжанының тұрғыны: «Кестеге сәйкес, біз суды сәрсенбі және сенбі күні алып отырмыз. Тұрмысымызға толық жетпесе де, оған да шүкір. Былтыр су жүргіземіз деп осында құбыр тартты. Оның да шапағатын көретін күн туар. Өзбекстаннан көшіп келдік. Отанымызда  қандай күрделік болмасын, барына шыдаймыз».

Ақсақал су құбырын жүргізген мердігер компанияға өкпесі қара қазандай. Қазылған жол тегістелмей жауын-шашында жүруге жарамай қалды дейді. Әкімдіктегілер «Ситистрой ЛТД» мекемесі кепілдік мерзімі аяқталмағанын алға тартып отыр дейді. Яғни, құбырлар орталық жүйеге қосылғаннан кейін жол тегістеледі деп уәде берген.

Марат Тәжібаев ,әл Фараби аудандық әкімдігінің бөлім бастығы: «Бозарық» шағынауданында құрылыс жұмыстарын «Ситистрой ЛТД» мекемесі  жүргізді. Қыркүйек айында орталық жүйеге қосылады..Елдімекен  ауыз сумен толық  қамтылады, тәулік бойы суды пайдалануға мүмкіндік алады».

Көп жылдары судың азабын бастан кешкен бозарықтықтарға тағы да сабырлық танытуға тура келеді. Шененуніктер айтқан тәулік бойы суды тұтынатын сәтті тосып жүр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yh35onMGaqs[/youtube]