Сәулетшілердің ұрпағы соттасып жатыр

305
Бір мәмілеге келе алмаған қос әулеттің ісі бойынша бүгін сот отырысы басталды
Бір мәмілеге келе алмаған қос әулеттің ісі бойынша бүгін сот отырысы басталды
Бір мәмілеге келе алмаған қос әулеттің ісі бойынша бүгін сот отырысы басталды

Шеберхана үшін талас. Шымкентте сәулетшілердің ұрпақтары соттасып жатыр. Қазақстанға танымал сәулетші Ергеш Иристаев пен Дәурен Әлдековтің артында қалған балалары әкелері жұмыс істеген шеберхананы бөлісе алмай сотқа жүгінді. Айтуалырнша, нысанға иелік ететін құжат қос тарапта да барға ұқсайды.

Әсия Әлдекова: «60 шаршы метрлік шеберхана бос тұрған бір терезе, бір есік. Оны 6 мың жолларға сатып алдым. Ақшасын алды, қолхат та берді. Әйелі де куәгер болды. Кейін нотариялды түрде қолхатты растаған болатын».

Осылайша, Дәурен Әлдековтің әйелі Ергеш Иристаевпен келісім жасап, шеберхананы сатып алса керек. Дегенмен құжаттарды қолына сәулетші қаза тапқан соң ғана алыпты. Бұған қарсы тарап сенгісі келмейді. Бір мәмілеге келе алмаған қос әулеттің ісі бойынша бүгін сот отырысы басталды. Сот әділ шешім шығарса, шеберхана өзімізде қалады деп отыр.

Дәурен Әлдековтің ұлы: «Шеберхана сатылған дейді. Ол кезде біздің туыстар тарапынан онда ешкім куәгерлік етпеген. Анамның білімі жеткіліксіз. Сондықтан, жарын да, баларын да әкем өз істеріне араластырмаған. Не істеп жатқанын айтпайтын да. Бірақ, біздің қолымызда нақты дәлелдер бар. Келісім алаяқтықпен жасалған».