Шымкенттегі мектептер «Хуан Карлостың» сарайындай

271
Шымкенттегі мектептер «Хуан Карлостың» сарайындай
Шымкенттегі мектептер «Хуан Карлостың» сарайындай
Шымкенттегі мектептер «Хуан Карлостың» сарайындай

«Үш ауысымда оқитын және сабаннан салынған ғимараттарда білім алып жүрген оқушылар саны республика бойынша бірінші орынды алып тұрған Шымкентке бардық. Шағын аудандардың бірінде мектеп салыпты. Бірақ ол мектеп емес. Ол Испания королі Хуан Карлостың Мадридтегі сарайы! Мектептің ішінде ботаникалық бақша бар, бассейн бар, спорт кешені, биге арналған зал бар»,-деді  Елбасы кеше Ақордада Кәсіпкерлер кеңесімен өткізген жиында. Бұл туралы baq.kz сайты   BNews.kz.   сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Не деген күпірлік! Мемлекеттің қанша қаржысы желге ұшты!», – деді Президент. Кеше Елбасы Н.Назарбаев Ақордада өткізген Кәсіпкерлер кеңесінде.

«Жарайды, мыңдаған мектеп пен аурухана салдық. Бірақ, қалай салдық?
«Ол мектептің «Хуан Карлостың» сарайындай мектептің  орнына бірнеше мектеп, бірнеше балабақша салуға болатын еді», – деп қадап айтты Елбасы.