Шымкенттің футболдан қыздар құрамасы алда

437
қыздар құрамасы

«Қазығұрт – БИИК» қыздар футбол командасының бұл күндері көңіл-күйі жақсы. Өйткені жерлестеріміз ҚР чемпионатының алғашқы тур ойынын жеңістен бастады. Талдықорғандықтармен бақ таласқан шымкенттіктер екі ойын өткізіп, оның бірінде 2:0 және екіншісінде 4:1 есебімен жеңіске жеткен.

Ұлболсын Жолшиева , команда капитаны: «Оңай қарсылас болмайды. Бұл жолы да гол соғу үшін тер төктік. Талдықорғандық команданың құрылғанына бір жыл ғана болған. Олардың жеңісті күндері әлі алда деп ойлаймын».

Ұлболсын Жолшиева бастаған команда бұл күндері келесі матчқа дайындық үстінде. Суперкубок иелері биылғы маусымда европалық аренада ептілігін сынға сала алмайды. Бұл жылға басты жоспар халықаралық жарысқа жолдама жеңіп алу болып отыр.

 Шымкенттік футболшылар топты жарып келеді
Шымкенттік футболшылар топты жарып келеді

Бүгінде шымкенттік құраманы болгариялық мамандар дайындауда. Негізгі жоспар ел чемпионы атану. Ал келесі матчты олар №7 футбол мектебінің жастарымен өткізеді. Бұл жолы да жеңіске жете алатынына бойжеткендер сеніммен қарайды.