«Социалистік санадағы мұғалімнің сабақ беруі-қоғамның үлкен қателігі»

361
Айнұр Нұртайдың білім-тренингі

Білімді болудың пайдасы кеңінен талқыланды. Арнайы семинар-тренингті ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты мәселелері бойынша кеңесші Айнұр Нұртай жүргізді. «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» тұжырымдама аясында өрбіген шарада жастолқын ойын ашық айтып, керек кеңесін алуға асықты. Маман бірден білімнің тұрақсыздығына тоқталды.

Айнұр Нұртай жастардың тілінде жұмыс істейтін спикерлер ауадай қажет дейді
Айнұр Нұртай жастардың тілінде жұмыс істейтін спикерлер ауадай қажет дейді

Айнұр Нұртай, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты мәселелері бойынша кеңесші: «Білім тұрақсыз. Күн санап жаңа технология жаңа бағыттар пайда болып жатыр. Мәселен, біз айтамыз «Ой, ол мынандай жоғарғы оқу орнының магистратурасын бітіріп келіпті. Ол мынандай жұмыс істеуі керек деп». Бірақ оның жоғарғы білімінен хабардар ететін құжаттан ешқандай пайда жоқ. Құжат ол құжат. Ең бастысы өзіміздің расында да білімді болуымыз, заман ағымынан қалмауымыз қажет. Күн сайын жаңарып жатқан мынау ғасырдан қалмауымыз керек екенін ұмытпайық! Сонымен қоса қазір қоғамда жастарға күйені көп жағатын болып кеттік, «жастар мұндай, жастар сондай» деп. Ал мен айтар едім, қазақстандық жастар өте білімді, патенцалы өте жоғары деп. Қалалық жастар болсын, я болмаса ауылдық жастар болсын демеушілік керек болып тұр да. Демеу керек! Материалдық тұрғыда емес, білім, тәжірибелік жағынан. Сол бүгінгі іс-шара осы жағынан келіп тұр. Қалай болғанда да біз жастардың ақыл-ойы, фантазиясын жүзеге асыруымыз керек! Сонымен қатар биыл немесе келесі жылы осы Оңтүстіктегі бар жастардың толығымен тізімін жасату керек. Себебі қаншама жас мұндай басқосудан тыс, тасада қалып қойып жатыр. Шеттету деген болмасын! Ешкім назардан қалмауын қамтамасыз етуді жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жастар орталығының» мамандарына жүктеу керек. Дегенмен, алдағы уақытта мұндай проблемалар шешімін табады деген ойдамыз. Ал бұларды қызықтырып, белсенділігін арттыру үшін жастардың жанын түсінетін, сол жастардың тілінде сөйлейтін жақсы-жақсы спикерлерді қолданған дұрыс».

Қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар және жоғарғы оқу орны белсенді студенттері мен мектептің жоғары сынып оқушыларының басын қосқан оқу-жаттығу тренингінде бүгінгі білім беру тәсілі мен жүйесі де кеңінен айтылды. Ал жастағы 22 жастағы Абылай Мұсабеков жаңа технологиялар мен бағдарламаларды толығымен меңгеру үшін ізденісін жалғастыратынын айтады.

Абылай Мұсабеков жоғарғы оқу орындарының оқытушылары тиімді тәсіл арқылы ғана студентке білім бере алады дейді
Абылай Мұсабеков жоғарғы оқу орындарының оқытушылары серіктес ұғымы арқылы білім беруі тиіс дейді

Абылай Мұсабеков, студент: «Жастардың мемлекет басқаруда, халықаралық білім дәрежесін арттыруда мұндай білім-тренингтерінің маңызы зор. Мен өзім қазір студентпін жоғарғы оқу орнында. Әлбетте магистратурада білімімді жалғастыруды көздеп отырмын. Себебі ізденуді ешқашан тоқтатпау керек деп ойлаймын. Білімнің шегі жоқ! Сол үшін мен де тек бакалаврмен шектелгім келмейді. Мен жоғарғы білімімді дәлелдейтін құжат үшін ғана емес, өзімнің де сол атқа лайықты болғанымды қалаймын. Ал бір айта кетерлігі, арманымыз бен қиялымызды жүзеге асыруда да осы білім мен ғылымның мәні зор. Өзіміз ізденуіміз керек, ал университтегі мұғалім тек бағыт сілтеуші. Тағы бір қоса кетерлік жәйт, қазігі заманның қатілігі де сол – бізді социалистік қоғамның мұғалімдері оқытып жатыр. Адам адамға дос, адам адамға жақсылық істеуі керек деген. Қазір нарықтық экономикада адам адамға серіктес, белгілі бір өмір сатысында белгілі бір келісім-шарттармен жұмыс істесе аламыз. Алайда адам адамға дос емес, серіктес деген ұғым бойынша қалыптасу керек деп ойлаймын».

Жастолқынның жағдайына да көңіл бөліп, кей тығырықтан шығу жолын да түсіндірді кеңесші. Білімнің әлемдік дамуын бағамдаған ол үйренгенін жастарға жекізіп, тәжірибесімен де бөлісті. Осылайша өз ісіне шебер Айнұр Нұртай жастармен жиі кездесемін деп уәде берді.