Жарықсыз қалған тассайлықтарға жаңа желі тартылуда

427
Жарықсыз қалған тассайлықтарға жаңа желі тартылып жатыр
Жарықсыз қалған тассайлықтарға жаңа желі тартылып жатыр
Жарықсыз қалған тассайлықтарға жаңа желі тартылып жатыр

Тассайлықтар қара түнекте қалды. Мұнда түгелдей бір көшеде 10 күннен бері жарық жоқ. Тұрғындар шағымданып бармаған жеріміз қалмады дейді. Бірақ көмек беретін ешкім табылмаған. Сосын амалан тапқандар жарықты басқа жерден тартып алса керек. Ал қалтасы жұқа жандар әлі күнге майшаммен отыр.Тұрғындар жарықтың жырын айтып талай табалдырықты тоздырған. Ешбір әкімдік қабылдамай жатыр дейді. Өйткені Тассай – Сайрам ауданы мен Шымкенттің ортасында қалған. Бірақ екі жақта жарықсыз қалған жұртқа көмек бергісі жоқ екен.

Гүлнар Сауыбаева, Тассай елдімекенінің тұрғыны: «Сайрамға барсақ онда жауап жоқ. Еңбекші ауданына барсақ онда нәтиже жоқ. 20 шақты үй жарықсыз отыр, қалғандарында бар».

Бұл қиындықтан әбден зәрезап болғандардың кейбірі дербес электр құрылғысын сатып алған. Осылайша қалтасы қалыңдары өз проблемасын өздері шешіп жатыр.

Ольга Емашева , тұрғын: «Ауылымыз алдын теміржол, сосын металлобазаға қарайтын. Сол жердегі трансформатордан жарық алып келдік. Ескіргені соншалықты жақында ол жанып, істен шықты. Енді осында энергетиктер келіп, жаңа желі тартамыз, есептегіш құрылғысын дайындаңдар деп ескертті. Соларды күтіп отырмыз».

Тассай тұрғындары тас түнеккете қалған
Тассай тұрғындары тас түнеккете қалған

Тассайдағы проблема бірер күнде шешімін табады дейді жарық берушілер. Мұнда жаңа желі тарту жұмыстары енді басталыпты. алдымен бағаналар орнатылады, сосын әр үйге электр энергиясын жеткіземіз дейді мердігер компания.

Үсен МАМЫТОВ, мердігер  мекеме бастығының орынбасары : «Тассайдағы үш көшеде жұмыстар басталып кетті. Бүгін кабельді бітірсек, сосын әр үйге оны жеткіземіз. Ал трансформатордың  жанып кеткеніне біздің еш қатысымыз жоқ. Ол теміржолдыкі болатын».»

Бұдан соң елді мекенде жарықтың жырына нүкте қойлады деп сендіреді олар. Энергетиктердің айтуынша жаңа желі суық, ыстыққа да төзімді. Бірақ ауыл халқының әлі тағы бір апта жарықсыз отыруына тура келеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mu8YmmDHIAg[/youtube]