Жас сарбаздар әскерге аттанды

2415
74 жігіт сапта тұр

Шымкентте жас сарбаздарды салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Бірден 80-ге тарта жігіт Қазақстанның қарулы күштер қатарына алынды. Даңқ мемориалында өткен жиынға болашақ әскерилердің ата – аналары да шақырылған.

74 жігіт сапта тұр
74 жігіт сапта тұр

Әскерге аттанып бара жатқандар осы кезге дейін біреуі бір отбасының тұңғышы, енді бірі үйдің еркесі болған. Енді олар ата-ана, туған-туыспен бір жыл көріспейді. Облыстың барлық ауданынан 74 жігіт бүгіннен бастап Қазақстан қарулы күштерінің қатарын толықтыруға кетіп барады.

Отан қорғауда ерлікпен көз жұмғандарға күл шоқтарын Ауған соғысының ардагерлері мен өзге де қарт сарбаздар қоюда
Отан қорғауда ерлікпен көз жұмғандарға күл шоқтарын Ауған соғысының ардагерлері мен өзге де қарт сарбаздар қоюда

Салтанатты шара ең алдымен Отан қорғауда опат болған жауынгерлер тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюмен басталды. Одан кейін ерлерді еске алып, жиналғандар бір минут үнсіздік жариялады.

Бүгін жас сарбаздары әскерге шығарып салуға ата-аналарымен қоса ҰҚК шекара қызметінің өңірлік басшылығы, ардагерлер кеңесінің өкілдері мен Ауған соғысының ардагерлері жиналды. Тамашалауға келген қалалықтар да көп болды. Аға буын өкілдері жігіттерге сәттіліктер тіледі. Солардың бірі – жасы 18-ге жақында толған Ақжан Шәкір енді күні түні туған елдің шекарасын күзетпек.

Ақжан Шәкіров
Ақжан Шәкіров

 

 

 

«Отанын қорғау – әрбір ер жігіттің қасиетті борышы, – дейді Ақжан Шәкіров. – Сол үшін барлығымыз әскер қатарына ертерек баруымыз тиіс. Мен өзім, мысалы, арияға өз еркіммен кетіп барамын.»

 

Биыл Оңтүстікте әскерге аттануға үміт білдірген жастардың саны 4 мыңға жетіп жығылған. Бірақ, солардың барлығы тегіс іріктеуден өте алған жоқ. Сарбаздарды әскер қатарына қабылдау барысында олардың әкімшілік құқық бұзушылыққа бармағанына баса назар аудардық дейді мамандар. Қорғаныс комитетіндегілердің айтуынша, тексеру кезінде бірнеше жігіттің істі болғаны анықталған.

ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскерге шақыру бөлімінің бастығы Нариман Рүстемов
ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскерге шақыру бөлімінің бастығы Нариман Рүстемов

 

«Әскерге шақыру науқанындағы биылғы жаңалық – үміткерлердің тек денсаулығын ғана емес, олардың тәртібін де тексердік, – деп бөлісті Нариман Рүстемов, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің шақыру бөлімінің бастығы. – Яғни, қылмыстық қана емес, әкімшілік құқықбұзушылық жасағандар Қарулы күштер қатарына қабылданбайды.»

Жиынның соңында шекара қызметінің жасақтары өнерлерін көрсетті. Айта өтейік, биыл жастарды әскерге шығарып салу рәсімі елдің барлық аймақтарында ерекше өткізіліп жатыр. Біріншіден Отан қорғаушылар күнінің жақындағнын еске салу болса, екіншіден қарулы күштердің имиджін көтеру.

Арнайы жасақтың ұрыстағы қимылдары
Шекарашылардың арнайы жасағының ұрыстағы қимылдары

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Y0uppQ0kcj4[/youtube]