Жер дауы өршіп тұр

483
мамандар жер телімдерін беруге қатысты мемлекеттік органдардың шешімдерін заңсыз деп тануда
мамандар жер телімдерін беруге қатысты мемлекеттік органдардың шешімдерін заңсыз деп тануда
мамандар жер телімдерін беруге қатысты мемлекеттік органдардың шешімдерін заңсыз деп тануда

Облыста жер дауы өршіп тұр. Бұл мәселе облыстық сотта өткен Жер қатынастарын реттеуде туындайтын мәселелер заңнама және сот тәжірибесі» атты дөңгелек үстел басында талқыланды.

Бір жер теліміне бірнеше азамат ие. «Жылжымайтын мүлікті легализациялау» кезінде кеткен осындай олқылықтардан бүгінде халық опық жеп жүр. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа Батыс Қытай» магитсралі мен «Нұрсат» шағынауданында қызып жатқан құрылыстар да жер қатынастарын тіпті ұшындырып жіберді. Сала мамандары қазір шиеленіске түскен осындай істерден бас ала алмай қалған.

Тек өткен жылдың өзінде облыстық сот жер қатынастарына қатысты 122 азаматтық істі қарап, олардың 54-не шешім шығарған. Бүгінде мемлекет мұқтажы үшін қайтарылған жерлер төңірегінде де дау көп. Шағымданушылардың дені мүлікті бағалауға көңілдері толмайды. Алайда, сала мамандары соңғы заңнама мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік береді деп сендіреді.

ОҚО сотының төрағасы Нұрсерік Шәріповтің айтуынша, «Жер қатынастарын реттеу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ол бойынша егер жер телімі мемлекет мұқтажы үшін алынған жағдайда, келісім шартта мүліктің бағасы көрсетілуі керек. Сот шешімімен мемлекет азаматқа сол шығынды өтейтін болады. Егер мүлік бағасын анықтау мүмкін болмаса, жер кадастрлығы негізге алынады. Мүлікті бағалау процесін арнайы мамандар анықтап жүргізеді.

Өкінішке қарай, мүлікті бағалау кезінде азаматтардың құқықтық санасының төмендігі де байқалып қалатыны жасырын емес. Азаматтар келісім шартта мүлікті төмен бағалайды. Ал сот шешімінен кейін одан қомақтырақ қаржы талап етіп, табаннан тозады.