Зиткерлік мектептің химия-биология бағытында 357 бала білім алуда

598
Динамикалық үзіліс

Шымкентте бір емес, екі Назарбаев зияткерлік мектеп бой көтерген. Алғашқысының ашылуына аталған білім ошақтарының басқарма төрайымы келіп қатысты. Екіншісінің құрылысы күн санап бітіп келеді.

Динамикалық үзіліс
Динамикалық үзіліс

Осыдан бір ай бұрын ашылған Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. Күнделікті динамикалық үзілістерінде осылай билеп, сергіп алады. Таңғы сағат 8-15 тен дәрістеріне кірісетін оларға мұнда барлық жағдай жасалған. Үш тілде білім алатын оқушылар көңілді биден кейін сабақтарына қайта кіріседі.

Оқушыларды еркін ойын жеткізуге үйретеді
Оқушыларды еркін ойын жеткізуге үйретеді

Ақмарал Ерқұл, Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің оқушысы: «Сегізден бастап сабаққа келеміз. Пікір талас болады. Түрлі тақырыпта жарты сағат пікір алмасамыз. Бұл жерде ең басты ерекшеленетіні бұл жердің оқушылары өздерін көрсете алады. Мұғалім сен тұр, сен айт демейді, керісінше мен айтайыншы деп талпынады, тырысады».

Қазір Елімізде дәл осындай 11 мектеп жұмыс істеп жатыр. Оның екеуі Шымкентте орналасқан. Химия-биология бағытындағы зияткерлік мектепте 357 оқушы бар. Оның 200-ден астамы облыс аудандарынан келген. Бұл балалардың 50-ге жуығы жатақханамен қамтылған. Алғашында өз ойын ашық білдіруге қысылатын ауылдан келген оқушылар, бір айдың ішінде көшке ілесіп, білімдерін дәлелдеп үлгеріпті.

Аяжан Аюбек, Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің оқушысы: «Бір айдың ішінде көр нарсе үйрендік. Осы оқушылармен бірге тырмысып, сол бір биік шыңға солармен бірге жарысып, шығуға үйрендім. Тек қана алда болу керектігін ұғындым. Барлық сабақтар үш тілде өтеді. Үш тілді меңгеруге бел будым. Алдағы уақытта оң нәтижесін береді деп ойлаймын».

Лаура адамбекова, Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің оқушысы: «Бұл мектепте 30 үйірме бар. Бір өзім 10 үйірмеге қатысам. «Роботпен жұмыс істеуге, жас режиссерға, және ғасырлар тоғысында деген сияқты үйірмелерге қатысам. Әрқайсысына уақытта бөліп қойғанмын. Қазір жас тілші үйірмесіне деген қызуғышылығым басым».

"Жас тілшілер" үйірмесі
«Жас тілшілер» үйірмесі

Десек те бар зейінін білімге бөлген балалардың арасында химия-биология бағытын таңдағандар көп емес екен. Мұның себебін мектеп басшысы үлкендер арасындағы бұрыс түсінікпен байланыстырады.

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің директоры
Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің директоры

 

Балқан Қасымов, назарбаев атындағы зияткерлік мектептің химия-биология бағытындағы білім ордасының директоры: «Халықта химия-биология бағыты бойынша түрлі пікіп бар. Біз химия-биологияны білмейміз деген ойлары бар. Бірақ бізде барлық пәндер бірдей оқытылады. Жоғары сыныпта балалар қандай оқуға түскісі келеді, сол өздеріне қажетті ғана пәндерін оқиды. Сол себепті бұл бағытқа түсінушілікпен қарағаны дұрыс деп ойлаймыз».

Зияткерлік мектептеріне кезекті қабылдау мамыр мен маусым айларында өтеді деп белгіленіп қойған. Бұл қабылдау оқушылармен қатар ұстаздарға да қатысты. Себебі, жаратылыстану бағытында балаларға дәріс беретін білікті ұстаздар да мектепке ауадай қажет.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KTUHpbsizzw[/youtube]