Қалаларды абаттандыру қағидасы қабылданды

471
қағиданы заң бөлімінің меңгерушісі таныстырды

Оңтүстік-көрікті мекен. Шымкент келбетті қала. Болашақта қала және елді мекендердің көркіне қатаң көңіл бөлінбек. Облысымызда абаттандыру қағидасы қабылданды. Қағида 26 бөлім, 233 -тараудан тұрады.

қағиданы заң бөлімінің меңгерушісі таныстырды
қағиданы заң бөлімінің меңгерушісі таныстырды

Аталған қағида нормативтік құқықтық акт болып табылады. Арнайы қабылданған ереже бойынша, көшеде кез-келген жерде ашықтан-ашық кәуап пісіруге, демалыс орындарында түнгі он бірден кейін музыка қоюға болмайды. Сондай-ақ үйлердің аулаларында көлікті жусаңызда жауапқа тартыласыз.

Қабылданған абаттандыру қағидасын ішкі істер органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы мен экология департаменті қадағалайды деп бекітілген. Ережені бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

Марат Шарипов, қалалық заң бөлімінің меңгерушісі: «Қабылданған ереже қатаң қадағаланады. Егерде кімде-кім белгіленген ережелерді сақтамаса үлкен мөлшерде айыппұл салынады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылады».