Ұрылар құрықталды

300
үй тонаушылары құрықталды
үй тонаушылары құрықталды
үй тонаушылары құрықталды

Оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері 12-ден астам пәтер ұрлаған бір топ ұрыны ұстады. Соңғы екі ай көлемінде Абай АІІБ-не жергілікті тұрғындардан бірнеше арыздар түскен. Ол арыздарда жергілікті тұрғындар үйлерінде ешкімнің жоқтығын пайдаланған ұрылар үйлерінен ақшаларын, алтындарын және бағалы заттарын алып кетіп, үлкен көлемде шығын келтіргенін жазып көрсеткен.

Сонымен қатар, наурыз айының ортасында полиция бөліміне 51 жастағы Тельман бөлімшесінің жергілікті тұрғыны арызданған. Ол өз арызында түс қайтқан кезде үйінің пластик терезесі арқылы ішке кіріп, оның үйіндегі сейфінен алтын бұйымдарын және 5 миллиондай теңгесін алып кеткені туралы жазып көрсеткен.

Ал қала орталығының 32 жастағы тұрғынның арызында үйінде ешкімнің жоқтығын білген ұрылар кешкі уақытта терезе арқылы үйіне кіріп, бағалы заттарын алып кеткенін жазып көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Абай АІІБ-нің полиция қызметкерлері күдікті ретінде 1972, 1973, 1992 және 1994 жылы туылған Мақтарал, Ордабасы, және Түркістан қаласының тұрғындарын құрықтады. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық пен ұрлық жасағандары үшін сотты болғандары анықталды. Ұсталғандар өз істеген істерін толық мойындаған.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың 12 пәтер ұрлығына қатыстылығын анықтады. Олар бір ғана жоспармен істерін жүзеге асырып отырған. Алдымен олар үйінде үй иелері жоқ, қараусыз тұрған үйлер және пластикалық терезелері бар үйлерді бақылап, содан соң үйлерге ұрлыққа шыққан. Алдымен пластикалық терезе салынған үйлерді ашын кіруге оңай екенін білген. Пластиктен жасалған терезелерді қатты басып немесе итеру арқылы терезені ашып үйдің ішінен қолдарына ілінген бағалы заттарды сонымен қатар алтын мен ақшаларды алып іздерін суытып отырған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 10 миллионан астам қаржыны құраған. Қылмыскерлер ұрлаған заттарын алып сатушыларға сатып, тапқан ақшаларын өз қажетіліктеріне жаратып отырған. Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың облыс аумағында жасалған осы тектес қылмыстарға қатысы бар жоқтығын анықтауда. Аталған жайтқа қатысты, ҚР ҚК-нің 175 бабы « ұрлық » дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=d3xFn56t3Cg[/youtube]