1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні

1-мамыр бірлік пен ынтымақ күні құтты болсын!
1-мамыр бірлік пен ынтымақ күні құтты болсын!
1-мамыр бірлік пен ынтымақ күні құтты болсын!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша он алты жылдан бері тойланып келеді. 100-ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы зор.

1995 жылы құрылған Қазақстан залықтары Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді.

Бұл мерекені тойлауда мектеп оқушылары да шет қалмады. Шымкент қаласындағы №24 Саттар Ерубаев атындағы білім ошағының ұжымы бір жеңнен қол шығарып, Қазақстанды мекендеген ұлттар мерекесін өткізді. Қазақ, өзбек, орыс, тәжік, кәріс, түрік, т.б. өзге де ұлт өкілдерінің ұл-қыздары оқып, білім алатын алтын шаңырақ Қазақстан халқының бірлігі күнін жыл сайын ерекше леппен атап өтеді.
Барлық ұлттардың арасындағы достықты нығайтып, ынтымағын жарастыратын айтулы күнді атап өтуде барлық оқушылар ат салысты.

Ал ұстаздар қауымы революциядан кейінгі алғашқы жылдары қазақ жеріне көшіп келген өзге ұлт өкілдерінің қиын жағдайын сахналап, құшағын жая қарсы алып, бауырына басқан қазақ халқының ақпейілділігі мен қонақжайлылығын көрсетті.

Әр ұлттың өз тілінде ән шырқап, би билегенін, тақпақ айтып, тілек білдіргенін ата-аналар мен келген қонақтар тамашалады. Ал кештің көнекөз қариялары мен ақ жаулықты әжелеріміз оқушыларға көргені мен білгенін, түйгені мен куә болған жайттардан естеліктер айтып берді.

Ал әдемі де әсерлі кештің соңы тәуелсіз еле, бейбіт заманда, бірілігі жарасқан жастарымыздың биімен жалғасты.

Айта өтейік, 1 мамыр халықаралық еңбекшілердің бірлік және ынтымақ күнін әлемнің 140 елі атап өтеді екен.