Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандардың ахуалы мәз емес

934
Балабақша құрылысында кемшілік көп
Балабақша құрылысында кемшілік көп
Балабақша құрылысында кемшілік көп

Арыс қаласындағы «Балапан» балабақшасының құрылысын «Асыл керуен Дат » ЖШС жүргізген. 2008 жылы бастауын алған құрылыс екі жылда аяқталып, пайдалануға 2010 беріліпті. 80 балаға шақталған нысанның құрылысына 130 млн жұмсалған. Балабақшаның меңгерушісі құрылыстың сапасына қатысты шағымым жоқ деп ат тонын ала қашты.

Алайда бұл нысанға қатысты сын ескертпелер осы өңірден сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Пернебек Райымбековте бар.

Пернебек Райымбеков, облыстық мәслихаттың депутаты: «Балабақша ғимаратының құрылысы сапасыз. Оны  сырып, қайта салу қажет. Өз басым балаларымды бұл балабақшасына бермейтін едім. Халықтың  қаржысына салынған нысан.  Мұндай жауапсыздық  қашанға дейін жалғасады».

Арыс қаласы әкімінің қосары  жоқ. Өйткені ол қызметіне былтыр тамыз айында кірісіпті. Арыстағы Сырдария ауылындағы бастауыш мектептің құрылысын «Реалстрой» мекемесі жүргізген. Былтырғы оқу жылында пайдалануға берілген мектепте жылу жүйесі сыр берген.

 Күмісай Төлендиева, мұғалім: «Біздің сынып бөлмесінде 4 батарейден қойылған, сондықтан жылу беру маусымында салқындау болды».

Сейіт Ертай, Арыс қаласының әкімі: «Құрылысшылар орнатқан қазандықтың қуаты  мектепті жылытуға жетпеді . Сондықтан ол  алмастырылды. Өзім басында болдым».

Бұл жалғыз кемшілік емес, ғимараттардың қосылған жеріндегі ақауларды құрылысшылар қаңылтырмен жауыпты. Ең сорақысы жаңа мектепте кәріз жүйесі істемейді , ауыз су жүйесі қосылмаған. Оқушылар шөлін қайнаған сумен қандыруда. Ғимараттың ішіндегі кемшіліктерді мердігер өз есебінен жөндейміз деп уәде беріпті.

«Оңтайландыруды балаларымыз оқитын нысаннан жүргізу- өскелең ұрпаққа жасалған қиянат емес пе?»-дейді халық қалаулысы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SpLlhWY4vKE[/youtube]