Байтанаев оқулары басталды

359
Байтанаев оқулары бастау алды
Байтанаев оқулары бастау алды
Байтанаев оқулары бастау алды
Байтанаев оқулары бастау алды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институты базасы негізінде алғаш рет Байтанаев оқулары басталды. Әбіш Байтанаев Шымкент педогогикалық институтын қалаушылардың бірі, Қазақстан жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері, әдебиеттанушы ғалым, филиоигия ғылымының докторы, профессор.
Шараның негізгі мақсаты – халықаралық білім беру кеңістігіне қазіргі кезеңдегі педогог мамандарын даярлау үрдісін интеграциялау мәселесі болып отыр.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Профессор Әбіш Байтанаев және Әуезов әлемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметов, А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Ш.Шарапатұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Ысқақұлы, ақын-жазушы Мархабат Байғұт, Қалдыбай Мамытбек, Нармахан Бегалиев, Аймақ Арында қатысты. Сондай-ақ, ғылым саласы бойынша секция отырыстарында «Мемлекеттілікті қалыптастыру тарихы және Қазақстанның қоғамдық саяси дамуының өзекті мәселелері», «Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері», «Білім беру жүйесіндегі оқытудың инновациялық технологиясын пайдалану және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру жолдары», «Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдардың қазіргі бағыттары» тақырыбында баяндамалар оқылды.

конференцияға қатусышылар пленарлық мәжілісте бас қосты
конференцияға қатусышылар пленарлық мәжілісте бас қосты

Конференцияда Шәуілдір ауданындағы Әл Фараби мұражайында қойылған Әбіш Байтанаевтың жеке заттары мен ОҚМПИ студенттерінің сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында Әбіш Байтанаевтың қызы Дина Әбішқызы Шымкент Педогогикалық институтына ғалымның пайдаланып, жинаған 1000 кітабын тарту етті.

Конференция пленарлық отырыспен қорытындыланды. Мұнда жиналғандар ОҚМПИ ректоры, п.ғ.д., профессор О.Аяшев ұстаздың ұсталық құдіреті жайында айтқан салиқалы сөзін тындады.