Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау басталды

3963
Шымкентте физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

Сайтымызға » Назарбаев зияткерлік мектептеріне қабылдау қашан басталады, іріктеу қалай өтеді, меке-жайы қайда, деген сауалдарын жолдаушылар күн санап артып отыр. Тұрғындардын, әсіресе, қабылдау комиссиясы төңірегінде сұрақ көп. Шын мәнінде, құжат өткізу науқаны басталып кетті. Мектеп басшылығы болса, аталған білім ошағына атақ үшін немесе таныс арқылы емес, біліммен сусындағысы келетін талапты жеткіншектер қабылданатынын ескертіп отыр.

қабылдау комиссиясы жұмысын 11-мамырда бастап кеткен
қабылдау комиссиясы жұмысын 11-мамырда бастап кеткен

Ұлының білімге құштар екенін сезінген Үсен Бархиев зияткерлік мектебіне құжат тапсыруға келді. Химия-биология бағытын таңдаған перзентінің құжаттарын өзі өткізіп, байқаудың шарттарымен танысты. Тілегі баласының байқаудан сүрінбей өтіп кеткенін қалайды.

Үсен Бархиев, үміткердің ата-анасы:»Ұлымның осы Назарбаев мектебінде оқысам деген арманы бар. Сабақты да жақсы оқиды. Мектепте баланың жан-жақты білім алуы үшін барлық жағдай жасалған екен. Енді осы мектепке тұсіп кетсе, кейін Назарбаев атындағы университетте оқиды екен үмітіміз бар».

Назарбаев зияткерлік мектебіне Үсен Бархиев секілді келушілер көп емес. Ал 7-сыныптарға оқушыларды қабылдау 11-мамырдан басталып кетті. Ал мерзім аяқталарда ата-ана мен оқушылар қатары мұнда көбейіп кететіні рас. Мұны мектеп басшылығы жергілікті әкімдіктерге жіберілген қызметтік хаттың, көпшілікке хабарланбағанынан деп пайымдайды. Есесіне, құжат қабылдаудың соңғы күндері былтырғыдай қалың кезек болып, түсінбеушілік туындауы ғажап емес.

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры
Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры

Балқан Қасымов, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: «Бәрі соңғы күні деп күтеді. Сосын былтырғыдай кезекке талас басталады. Сондықтан соңғы күнге қалдырмай қазірден бастап тапсырған жөн болады.Бәрі-бір бірінші күні тапсыр не, соңғы күні тапсыр не айырмашылық жоқ».

Айта өтейік, 7-маусымға дейін зияткерлік мектептің физика-математика және химия-биология бағытындағы 7-сыныптарына құжаттады қабылдау жүреді. Емтихан маусымның 22-23 күндері мектептің өзінде өтеді. Жауаптардың тексерілу уақыты – 6 аптаға созылып отыр. Ал 8-9 сыныптардағы бос орындарға құжат тапсыру 17-маусымнан басталады. Бүгінгі таңда қабылдау комиссиясы үздіксіз, үзіліссіз жұмыс кестесіне көшкен.

құжаттарды қабылдау маусымның 7-не дейіне жалғасады
құжаттарды қабылдау маусымның 7-не дейіне жалғасады

Жазира Асанова, қабылдау комиссиясының хатшысы:»Балаларының құжаттарын тапсыруға келетін ата-аналардың легі кешкі сағат 6-7 ден кейін көбейеді. Біз оларға жағдай жасап, сенбі, жексенбі күндері де құжат қабылдап жатырмыз. Күнде таңертеңгі сағат 08:00 ден кешкі сағат 19:00-ге дейін қабылдау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Түскі үзілісте жоқ».

Тек білімділер мен талаптылар оқитын мектепке іріктеу қатаң жүргізіледі. Сондықтан «атақ» үшін оқуға келетіндерге және араға адам салатындарға орын жоқ дейді зияткерлік мектеп басшылары.

Артық болмас білгенің! Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:

1. Байқауға қатысу туралы өтініш;

2. Сауалнама;

3. Туу куәлігінің көшірмесі;

4. 086/У формалы медициналық анықтама;

5. Табель көшірмесі;

6. Алғыс хат, мақтау қағаз, куәлік көшірмесі;

7. Тұрғылықты жер анықтамасы;

8.3Х4 суреті (2 дана).

Толық мәліметті 8 (7252) 60-34-77 телефоны арқылы алуға болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TmPLefPq5AY[/youtube]