Оңтүстікте түлектердің 56 пайызы ҰБТ-ға барады

Тестілеу уақыты 3,5 астрономиялық сағатты құрайды
Тестілеу уақыты 3,5 астрономиялық сағатты құрайды
Тестілеу уақыты 3,5 астрономиялық сағатты құрайды

Биыл Оңтүстікте 21139 оқушы Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Бұл жылдағымен салыстырғанда 2,5 пайызға артық. Тестілеудің тәртібі жайлы бүгін білім басқармасының мамандары арнайы баспасөз жиынын өткізді.

Мамандардың сөзінше, биылғы тестілеуде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бірақ, түсінбеушілік орын алмауы үшін 21 тестілеу бекетіне рамалы металл іздегіш орнатылуда. Сөздеріне сенсек, былтырғыдай талапкерлердің іш киімі тексеріліп, баланың психологиялық ахуалы бұзылмайтын көрінеді. Сондай-ақ, бармақ басты көз қысты әрекетке жол берілмеу үшін аудиториялардағы кезекшілер мен шәкірттерді ертіп жүрушілердің барлығы да министрліктен келген өкілдер болмақ.

3 маусым мен 9 маусым аралығында болып өтетін науқан кезінде, түсініксіз сұрақтар болмайды деп білім саласының мамандары кепілдік беріп отыр. Ал тестілеу бұрынғыдай төрт пән және таңдау пәні бойынша жүргізіледі. Мамандар тестілеу күндері оқушыларды тасымалдау, жатын орынмен қамту, тамақтандыру сияқты барлық істер қарастырылған деп мәлімдеді.