«Ордабасы-құс» тағы да үздік

«Ордабасы-құс» тағы да үздік
«Ордабасы-құс» тағы да үздік
«Ордабасы-құс» тағы да үздік

«Ордабасы-құс» ЖШС-нің өнімдерін тек еліміздің тұрғындары ғана емес, алыс-жақын шетелдіктер де мойындай бастады. Күркетауық етін өндіруді жолға қойған кәсіпорын сәуір айында Астана қаласында өткен ең үздік тамақ өндірісі халықаралық көрмесінде екі бірдей медалды жеңіп алып, табысқа кенелген болатын. Күні кеше тағы да қуанышты хабар жетті.

Францияның астанасы Париж қаласында  ұйымдастырылған халықаралық көрмеде тамақ өндірісі саласы бойынша тағы да үздік шықты. «Ордабасы-құс» ЖШС-нің директоры Мұрат Тағаев арнайы барып, «Ұлттық өнеркәсіп ықпалдастық ассоциациясының» алтын медалін тағынып қайтты.

«Бұл жүлде біз секілді жас ұжымға үлкен сенім мен жауапкершілікті жүктейді. Табысталып отырған сыйлықтың тарихы тым тереңде екен. Ұлттық өнеркәсіпті өркендету үшін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 1801 жылы Наполеон Бонапарттың өзі тағайындаған көрінеді. Бұрын тек Францияның кәсіпорындарына ғана беріліп келсе, үш жылдан бері Ресей мен біздің еліміздің де өндіріс орындарына назар аударып, марапаттай бастады», – дейді Мұрат аға.

Осылайша биылғы жылды жарқын жеңістермен бастаған кәсiпорын 4 айдың ішінде 1,5 мың тоннадан астам ет өндiріп үлгеріпті. Құс фабрикасында қазіргі таңда 360-қа жуық адам еңбек етуде. Сондай-ақ 10 құсхананың құрылысы қарқынды жүруде. Оған 30 шақты адам жұмысқа тартылыпты. Жыл аяғына дейін іске қосылып, өндірісіміз ұлғайып жатса, тағы біраз жақын маңдағы ауылдың тұрғындары жұмыспен қамтылады деп отыр.