Шымкенттегі жер сілкінісін зообақтағы аңдар да сезген

410
Жер сілкініcінің күші Шымкентте 4 балға дейін жетті

Кешегі демалыс күндері Шымкентте екі күн қатарынан жер сілкінді. Абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ. Дегенмен, халықтың біраз дүрліккені рас. Тіпті, кей шағынауданның тұрғындары түні бойы көз ілмей шыққан. Ал кезекшілік телефондарында тыным болған жоқ.

Шымкентте екі күні қатарынан жер дүмпуі сезілді
Шымкентте екі күні қатарынан жер дүмпуі сезілді

Алғашқы жер сілкінісі мамырдың 24-інен 25-іне қараған түні сезілді. Ошағы Өзбекстанда болып, Шымкенттегі күші 4 балды құрады. Түнгі сағат төрттен асқанда жер қозғала жөнелгенде адамдардан бұрын жануарлар сезіпті. Таңертең жұмысқа келген Гүлназ Төлепова арыстандардың тыпыршып кеткенін айтады. Жай күні еркелейтін олар ініне кірмей қойған.

Гүлназ Төлепова, зообақ қызметкері
Гүлназ Төлепова, зообақ қызметкері

 

«Таңертең ерте жұмысқа келсем, Адам деп атап жүрген арыстанымыз даладағы тордың ішінде жатыр, – дейді зообақтың тәжірибелі қызметкері Гүлназ Төлепова. – Келесі тордағы екі арыстан бірінің үстіне бірі жатып алған. Еш қозғалмайды. Барлығымыз жабылып жүріп әрең індеріне кіргіздік.»

Соңғы екі күні төтенше жағдай қызметінің кезекші бөліміне 1000-нан астам қоңырау түскен. Тіпті, тұтас орамның адамдарды далада қонып шығыпты. 12-қабатта тұратын Роза Сейтжан қызы денесаулығына байланысты үйінен сыртқа шыға алған жоқ. Қорыққанынан түні бойы көз ілмей жатқан.

 

Жер сілкінімінің күші Шымкентте 4 балға дейін жетті
Жер сілкінімінің күші Шымкентте 4 балға дейін жетті

Ал төтенше жағдай саласы мамандары қауесетке сенбеңіздер деп ескертеді. Олар әлемде ешкім де зілзаланы алдын ала болжай алмайды деп отыр. Қалай болғанда да, төтенше жағдайда еш абыржымай, қажетті чемоданыңызды сайлаңыз деп тағы да кеңес береді.

 

 

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JCbTmr4K03I[/youtube]

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MUxCcBSPNEs[/youtube]