Қанттың бағасы тұрақты, жеміс-жидектің құнын нарық реттеуде

664
Өріктің келісі 250 теңге
Өріктің келісі 250 теңге
Өріктің келісі 250 теңге

Еркінай Оразова қыс қамын қазірден ойлап, құлпынайдан тосап қайнатуда. Науқан басталғалы 50 банкідей жауып та қойды. Құлпынай денсаулыққа пайдалы болғандықтан, жас ана өзге жемістерге қарағанда осы өнімнен қайнатпаны көбірек жасайды. Екі баланың анасы дайын тосапты дүкеннен сатып алғанша, өз қолыммен әзірлегенді қалайды.  Өйткені, жемістің дәмі де, дәрумені де сақталады.

Еркінай Оразова, қала  тұрғыны: «Бүгін  қырғы базардан құлпынайды әрең таптым. Алдын барғанымда таңдауда көп еді. Келісін 350 теңгеге сатып алған едім. Қайнатпалар әзірлейтін науқан болған соң ба, дүкенде қанттың бағасы 4 200 -ге жетіпті».

Қала базарларында ауыл шаруашылығы өнімдеріне мониторинг жүргізетін «Қазагромаркетинг» АҚ мамандары құмшекердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде-тұрақты дейді.

Нұрлан Есіркепов, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ ОҚОФ бас маманы: «Қанттың бағасы бөлшек сауда орындарында 150 теңге болса, көтерме саудада келісі 135 теңге. Өңірімізге құмшекер Алматы облысынан жеткізіледі. Ресейлік өнім де бағаны тұрақты сақтауға ықпалын жасауда. Бәсекелестік    тұтынушылар үшін тиімді».

Көтерме сауда орындарында құлпынайдың бағасы 350-450 теңге төңірегінде. Делдалдарда жемістің келісі 600 теңге. Қытайдан жеткізілген шабдалы, ташкенттік тәтті шие 600 теңгеден. Ташкенттік абрикостар 330 теңге, жергілікті Түркістандық өріктер 250 теңгеден сатылуда.

Түркістан қаласының тұрғыны: «20 соттық жеріміз бар, Өріктің бір жарым тоннасын әкелдік. Екі қорапша қалды. Қазір тосап қайнатуға ерте. Науқан маусым айының соңында басталады. Сонда жемістер жақсы жетіледі. Түркістанда  жеміс-жидек көп, бағасы да арзан. Мен өрікті 240-тан сатсам, Шымкентте 250 теңгеден саудалаудамын. 10 теңгеден  жиналған табыс көлік шығындарын өтейді».

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын нарықтың өзі реттеуде. Егерде Ташкент, Қырғыстан мен Тараздан өнім көп жеткізілсе, бағалар күрт төмендейді. Мәселен, қияр бүгін 50 теңгеден сатылуда. Ал қызанақ аз болған соң 250 ден сатылуда. Делдалдарда томаттың бағасы 270-300 теңге.