ҰБТ: Алғашқы 125 балл шымкенттік талапкердің еншісінде (фото)

398
Айда Искакты алғаш болып мектеп директоры құттықтады. 17 жастағы талапкер барлық сұрақтың оңай болғандығын айтады

Республикада ҰБТ-дағы мүмкін болған 125 балды шымкенттік талапкер алғашқы болып жинады. Ол Шымкент қаласындағы №8 мектеп гимназиясының түлегі  Айда Исқақ. Айда тестілеудің үшінші күнінде, яғни екінші лекпен М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің қабырғасында тапсырған талапкердің бірі.

Алтын белгі иегері 125 сұраққа берілген үш жарым сағатты толық пайдаланған.

Айда  Искак: «Біреулер тестке кіргенде көмектестім, шпаргалка пайдаландым деп айтып жатады ғой. Ал менің бар назарым алдымдағы 125 сұрақта болды. Көктен келген ешқандай сұрақ жоқ. Барлығы оқыған тақырыптар. Уақытымның соңына дейін отырдым. Әлі күнге дейін 125 балл жинағаныма сене алар емеспін. Ата-ана, бауырларыма, ұстаздарыма алғысым шексіз».

Айда Искактың таңдауы географияға түскен екен. Осы пәннен облыстық олимпиаданың да жеңімпазы. Өткен жылы Айда тіпті, «Флэкс» яғни, Қазақстан мен Америка оқушыларының алмасып оқыту бағдарламасы бойынша, 1 жыл Америкада білімін жетілдіріп келген. Отбасында үш қыздың ортаншысы. Әпкесі де мектепті үздік бітіріп, бүгінде Асфендияров атындағы Мемлекеттік медициналық универистетінде грантта оқиды.  Ал Айданың өзі экономика-қаржы мамандығын игергісі келеді.

Бүгін Айда Искактың қуанышына ұстаздар қауымы да ортақтасты. Барлығының қуанышында шек жоқ. Барлығы бойжеткенді қаумалап, алғашқы 125 балл жинап, мектептің мәртебесін көтерген алтын ұя мектебінің мақтанышын сұрақ астына алып, құттықтап жатыр.

Айта өтейік, №8 мектеп-гимназиясында биыл 120 түлек бітірген. Оның 109 ұлттық тестілеуге қатсуға ниет білдірген. Мұнда биылдың өзінде 25 алтын белгіге үміткер болып, оның 15-і үмітті ақтаған.

125 балл жиаған Айда Искак №8 Хайдар Дулати атындағы мектеп гимназиясының түлегі
125 балл жиаған Айда Искак №8 Хайдар Дулати атындағы мектеп гимназиясының түлегі
Айданың тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан гимназиясындағы ұстаздар қауымына алғысы шексіз
Айданың тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан гимназиясындағы ұстаздар қауымына алғысы шексіз
Айданың айтуынша, тестілеуде қиын сауалдар болған жоқ. ойланатын сауалдар болыпты
Айданың айтуынша, тестілеуде қиын сауалдар болған жоқ. ойланатын сауалдар болыпты
Бәсекеге қабылетті ұстаздар білікті де, білімді жастарды тәрбиеледік деп сенеді
Бәсекеге қабылетті ұстаздар білікті де, білімді жастарды тәрбиеледік деп сенеді
ҰБТ-ның 10 жылдық тәжірибесі бар. Осы күнге дейін №8 мектеп гимназиясы 122 Алтын белгі иегерлерін даярлап шығарған
ҰБТ-ның 10 жылдық тәжірибесі бар. Осы күнге дейін №8 мектеп гимназиясы 122 Алтын белгі иегерлерін даярлап шығарған
Ал Айда Искак ҰБТ-дан алғашқы болып 125 балл жинаған түлек
Ал Айда Искак ҰБТ-дан алғашқы болып 125 балл жинаған түлек
Айда болашақта экономист мамандығын игеріп, еліміздің дамуына үлесін қосуды армандайды
Айда болашақта экономист мамандығын игеріп, еліміздің дамуына үлесін қосуды армандайды
Биыл 2013 жылы аталмыш мектепті 120 түлек бітірген. Оның 109-ы тест тапсыруға ниет білдіріп, одан мүдірмей өткен
Биыл 2013 жылы аталмыш мектепті 120 түлек бітірген. Оның 109-ы тест тапсыруға ниет білдіріп, одан мүдірмей өткен
28 Алтын белгіге үмітті сыныптастарынан жалғыз Айда барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, 125 балл жинаған
28 Алтын белгіге үмітті сыныптастарынан жалғыз Айда барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, 125 балл жинаған

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pzIIUdBjjMg[/youtube]