Оңтүстікте 6650 бітіруші бүгін тест тапсыруда

291
Былтырғыдай металл іздегіштің орнына турникеттер орналастырылған
Тестілеудің алғашқы күні басталды
Тестілеудің алғашқы күні басталды

Бүгін Қазақстан мектептерінің түлектері Бірыңғай ұлттық тестті тапсыруды бастады. Алғашқы күнде еліміз бойынша ҰБТ 56 пунктте өткізіліп, оған 25 756 түлек қатысуда. Ал оңтүстік өңірі бойынша 15 пункте бүгін 6650 бітіруші тест тапсыруды бастап кетті.

Былтырғыдай металл іздегіштің орнына турникеттер орналастырылған
Былтырғыдай металл іздегіштің орнына турникеттер орналастырылған

Біз Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орналасқан №8 пункте болып қайттық. Тест тапсырушы 694 түлектің көңіл-күйі көтеріңкі. Былтырғыдай металл іздегіштің орнына турникеттер орналастырылған. Тестке жіберу барысында аса ереже бұзған ешкім болмады. Олар алдағы сағаттарда 125 сұраққа жауап береді.

 

ҰБТ-ның әрбір пунктінде мемлекеттік комиссиялар, апелляциялық комиссиялар жұмыс істеуде. Министрлік жанынан Республикалық апелляциялық комиссия құрылды.

Өңірде жергілкті атқарушы органдар мен мемлекеттік комиссиялар ҰБТ-ны сәтті өткізу үшін барлық жағдайларды жасады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=s2Y56YtQa2Y[/youtube]