Сарыағаш ауданындағы гидроэлектронстанцияның қызметін Отырарлықтар да пайданалануда

827
жұрт станцияның сәтті жұмыс істеп кететініне сенбеген еді
жұрт станцияның сәтті жұмыс істеп кететініне  сенбеген еді
жұрт станцияның сәтті жұмыс істеп кететініне сенбеген еді

Сарыағаш ауданындағы бұл гидроэлектронстанция өңіріміздегі баламалы қуаттың алғашқы қарлығашы болып табылады.

Станцияның іргесін қалаған Шалхарбек Рысжанов бастапқыда кәсіпорынның бүгінгідей жемісті жұмыс істеп кетуіне күманмен қарағандардың қарасы көп балғанын айтады. Аға инжинер «90 жылдың басында біз бұл жерді алғаш келіп көргенде балшық болып жататын. Бұл станцияны біз өз қолымызбен жасап шықтық», – дейді.

Тек араға екі жыл салғаннан кейін ғана халық станцияның қызметін жіті түсіне бастады. Электр қуатына жарымай, Өзбекстанға теліміріп тұрған тұста жергілікті жұрттың күніне осы станция жарап тұрды. Сонау тоқырау жылдары бұл елдімекенді Келес өзені қуатпен қамтып, жарыққа қарық қылған-ды.

Бүгінде станцияның шарапатын Отырар ауданының халқы да көріп отыр. Мұнда термалды ыстық су тиімді пайдаланыла бастады. Мұндай жылу электр орталықтары көпбататты үйлер мен қоса оншақты бюджеттік, 20-ға жуық жеке мекемелерді жылумен қамтып отыр. Ал пәтерлерде жанға-дауа, дертке-шипа су сарқырап тұр бүгінде. Оған әсіресе жасы келген қариялар дән-риза.

Шәуілдір қаласның тұрғыны Сейділдахан Елбасы «қыста батареяларға қол тигізе алмайсыз. Қақаған аязда үй іші + 25 градусқа жетеді. Ең бастысы, емдік қасиеті бар суды ішіп, денсаулығымызды күтетін болдық» дегенді айтады.

Осылайша бұл станция мұндағы ағайынға арзан қуат тасылмалдап қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға да атсалысуда. Ең бастысы, экологиялық тазалық пен үнемділіктің үдесінен шығып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4vC7-is3l4A[/youtube]