Шымкентте АҚШ-тың оқытушылары сабақ беруде

576
АҚШ-ның 25 оқытушы ғалымы шымкенттік студенттерге сабақ беруде
Тілдер академиясының директоры Динара Әлиева
Тілдер академиясының директоры Динара Әлиева

 

АҚШ-нан келген арнайы делегация тілдер академиясының студенттеріне ағылшын тілінен екі аптадан бері сабақ өткізіп жатыр. Алты апта ішінде шәкірттерге білім беріп қана қоймай, жастармен бірге тауға шығып, серуен құрып, қоян қолтық қатынас жасамақ.

: Джерилин Стрейнч, Кентукки университетінің оқытушысы: «Біз тілдер академиясымен тығыз жұмыс жасаймыз. Студенттерге тіл үйретіп қана қоймай, екі елдің мәдениетін дәріптейтін боламыз. Алдағы уақытта да АҚШ оқытушылары академия студенттеріне дәріс беретін болады.»

Шет елдік делегация құрамында профессорлар мен ғалым оқытушылар бар. Тілдер академиясының әр жылғы түлектері құрама штаттықтармен ағылшын тілінде тілдесіп, емін еркін ақ жарқын әңгіме құрды.

Динара Әлиева, Тілдер академиясының директоры: «Біздің негізгі мақсатымыз әр жылғы түлектердің басын қосып, тәжірбие алмастыру. Ал АҚШ-ның оқытушылары біздің оқу орнына жыл сайын келіп тұрады. Биыл да сол дәстүрден жаңылған жоқпыз»

Жеті жұрттың тілін білуге жетектеген академияның түлектері өткен күндерді еске алысып, мәре сәре болды. Дәл осы оқу ордасынан алған дипломның жемісі аз болмасын айтысты олар.

Жанат Ақмырзаұлы, академия түлегі: «Ағылшын тілінің маманы болып, 2007 жылы қолыма диплом алғанмын. Академиядан алған білімім өмірлік азық болып жатыр. Алтян ұямызда шетелдік оқытушылармен өткен мұндай басқосулардың пайдасы мол.»

Тілдер Академиясы Швеция елімен де тығыз қарым қатынаста. Оқытушылар швед елінде таяуда білім жетілдіріп қайтты. Ал АҚШтықтар шымкенттік студенттерге бақандай алты апта сабақ беретін болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-I1NZ1FqOmk[/youtube]