Шымкентте ақша бопсалағыштар ұсталды

305
Ақша бопсалағыштардың қолына кісен салынды

Шымкентте жергілікті тұрғынды қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды. Қолға түскен 23 және 22 жастағы жігіттер жәбірленушіден осыдан бір жыл бұрын ұрланған көліктің ақысын қайтаруды талап еткен. Айтуларынша, көлігінен айрылған адам туысқан інісінен өтемақы талап етіпті.

Ақша бопсалағыштардың қолына кісен салынды
Ақша бопсалағыштардың қолына кісен салынды

 

23 жастағы жігіт бұрын сотты болып үлгерген
23 жастағы жігіт бұрын сотты болып үлгерген

 

» – …үйіне не үшін бардыңдар?

– Ақша алу керек болды.

– Қандай ақша?

– Ол «көлікті орнына қойып беремін» деген.

– Қандай көлікті?

– Ағамның ұрланған көлігінің ақшасын қайтару керек болатын.»

Тергеушілердің мәліметінше, жәбірленуші осыдан бір жыл бұрын туысының Мерседесін сатып бермек болады. Алайда, арада бір апта өткен соң көлік базарында тұрған жерінен темір тұлпар қолды болған. Бұл туралы полицейлерге хабар берілген де. Енді арада бір жылдан соң жәбірленушіден сол көліктің ақшасын сұрап, екі жігіт пышақ кезенген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SximNzW-_qQ[/youtube]

Ұсталғандардың бірі бұған дейін бұзақылық жасап, темір торда жазасын өтеп келген. Алайда, бостандыққа шыға сала тағы да теріс қадамға басыпты. Қазір күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы тексерілу үстінде.