Шымкентте көліктердің үстіне ағаш құлады

680
Ағаш түбірімен опырылып түсті

Шымкентте тағы да төтенше жағдай орын алды. Таңертеңгі сағат 9 жарымдар шамасында Тәшенов көшесінің бойында өсіп тұрған ағаш жерге құлады. Құдай сақтағанда адамдар зардап шеккен жоқ.

Құлаған ағашты сол маңдағы жұмысшылар жолдың шетіне сырып қойыпты
Құлаған ағашты сол маңдағы жұмысшылар жолдың шетіне сырып қойыпты
Ағаш түбірімен опырылып түсті
Ағаш түбірімен опырылып түсті

Дегенмен, көшенің бойында тұрған көліктердің біразын бүлдіріп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, 3 көлікті құлаған ағаштың бұтақтары сырып кеткен. Бірінің, тіпті, шамдарының күл-паршасы шығып, терезе тазалағышын жұлып алған.

Құлаған ағаш көшенің арғы бетіне бір-ақ жеткен
Құлаған ағаш көшенің арғы бетіне бір-ақ жеткен
Шамның сынықтары көшеде шашылып жатыр
Шамның сынықтары көшеде шашылып жатыр

Құлаған ағаш электр сымын үзіп кеткен. Соның салдарынан Тәшенов көшесі мен Тәуке хан даңғылының қиылысындағы бағдаршам істен шықты. Көшеде кептеліс болып, көлік қозғалысын қалпына келтіру үшін инспектор келді.

Инспектор көше қозғалысын реттеп тұр
Инспектор көше қозғалысын реттеп тұр

Бұған қоса құлаған ағаштың дәл қасында өсіп тұрған тағы бір ағаш қисайып тұр. Ол да кез келген уақытта құлап түсуі ғажап емес.

Мына екі ағаш жайсыз қисайып тұр
Мына екі ағаш та жайсыз қисайып тұр