Шымшаһардың басшысы журналистерді құттықтады

438
қала әкімдігіндегі марапат

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігі Оңтүстік Қазақстан облысыныдағы барлық БАҚ-ның өкілдерін шақырып, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Журналистерге қызметтік мазмұнына қарай, әзіл шыны аралас номинациямен марапат көрсетілді.

Мәселен, «КТК» арнасының меншікті тілшілері «Шымшытырық» аталыммен марапатталып, қорқынышты фильмдер жинағы табыс етілсе, «7-ші арнаның меншікті тілшісі Мақсат Жақсыбаевқа «Өрмекші адам» атағы бұйырды. «Отырар»ТА-ның бас директоры Валентина Куликоваға «Атаманша» атағы беріліп, арнайы дайындалған сурет сыйға тартылды. Әзілді суретте «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жамиля Мамырәлі, «Рабат» газетінің бас редакторы Фарида Шарафутдинова мен «Отырардың»  ТА-ның бас редакторы, сондай-ақ «ҚАЛА» бағдарламасының авторы Нұрлан Жаңабайдың бейнесі бейнеленген. Сонымен қатар, салтанатқа жиналғандарға «Манкент» шипажайына жолдама тарту етілді.

қала әкімдігіндегі марапат
қала әкімдігіндегі марапат

Дархан Сатыбалды, қала әкімі: «Қоғамдағы барлық саладағы қызметкерлер секілді журналистер де жылына бір рет демалысқа шығып, демалысты күтері анық. Биыл біз осыны ескере, барлық журналистерге «Манкент» шипажайына жолдама табыстағанды жөн көрдік. Билік пен халықтың арасындағы алтын көпір, БАҚ – ның өкілдерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.»

қала басшысы журналистерді құттықтады
қала басшысы журналистерді құттықтады