Құрттаған көкөніс сатылуда

Қауын көбелекпен күресу қажет

 

Қауын көбелекпен күресу қажет
Қауын көбелекпен күресу қажет

Қауынға қауіп төніп тұр. Облысымыздың тоғыз ауданындағы шаруашылықтан қауын көбелегі табылып отыр. Бұл туралы ОҚО аймақтық инспекция бастығының орынбасары Ибрагим Бегасылов мәлімдеді.

Қауын көбелегі күнгейде алғаш Мақтарал ауданында табылған болатын. 2012 жылы жеті ауданның аумағына таралса, биылғы жылы 9 ауданға жетті. Залалсыздандыру жұмыстары барлық тоғыз ауданда қатар жүргізіліп жатыр.

Ибрагим Бегасылов, Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық инспекция басшысының орынбасары: «Өткен жылы қауын көбелегіне қарсы жүргізілген күрес кезінде 802 гектар жер залалсыздандырылса, биыл 2620 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жылы екі Ордабасы және Бәйдібек аудандары қосылып отыр».

Зиянкестердің таралуына дихандардың өздері себепші болып жатыр. Адамдар қауын көбелегімен күресу керек екендігін түсінсе де, пісіп тұрған қауындарын қимайды. Осылайша, ақша табамын деп құрттаған көкөністерді аудан ішінде ғана емес, басқа облыстарға да алып шығып жатыр.

Ибрагим Бегасылов, Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық инспекция басшысының орынбасары:» Өткен жылы Қарағанды мен Астанада тіркелді. Неге? Дихандар қауынды түнде тасиды. Енді республикамыздың Қызылорда облысы мен мен біздің аймақ тың егін жерлерін де жайлады. Қай облыс аумағынан таралып жатқанын дәл анықтау мүмкін болмағнымен, барлығы да оңтүсітктен келіп жатқаны белгілі».

Зиякестердің жаңа жерлерге таралмауы үшін Астанадан 300 тоннаға жуық арнайы улы химикаттар жеткізілді. Тұтынушылар қауын сатып аларда, абай болғаны жөн. Ауру қауында ұсақ-ұсақ шұрық тесіктер болады. Өтйкені, қауын көбелектері қауынның қабығын тескілеп, онда өз дернәсілдерін қалдырады. Жаңа дернәсіл қауынның жұмсағын жеп, кеміре-кеміре сыртқа шығып кетеді.