30 өнерпаз республикалық ойынға жолдама алды

354
Дельфилік ойындар 9-рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді
Дельфилік ойындар 9-рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді
Дельфилік ойындар 9-рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді

Облыстық жастар орталығында Дельфийлік ойындар өтті. Биыл 9-шы мәрте ұйымдастырылған додаға дәстүрлі және зстрадалық ән салу, халық биі сынды 14 номинация бойынша 15 ауданның орталықтарынан келген үміткер бақ сынасты.

16 мен 21 жасты қамтитын ойынның мақсаты еліміздің мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеу, басқа қа елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеу, басқа да елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында болды.

Қанай Әшірбеков, Облыстық жастар орталығының директоры: «Фортепиано, скрипка, саксафон, баян, аккордион, ұлттық аспаптармен де сайысқа түседі. Былтыр біздің үздіктер Москваға барып жеңімпаз атанған».

Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде өтетін бұл байқауға үміткерлер саны жалдағынан көп екенін айтады. Бұл жастардың бойына отансүйгіштік сезімнің арта түскенін байқатқандайі. Айта кету керек, сайысқа 80-ге жуық үміткер тілек білдірсе, соның 30-ғана іріктеуден өтіп, республикалық байқауға жолдама ала алады.