Көлік басып кеткен адам тірі қалды

300
Оқиға орнына адамдар лезде жиналып қалды

Шымкентте көлік қағып, басып кеткен адам аман қалды. Бұл оқиға Төле би және Адырбеков көшелерінің қиылысында орын алған. Көше қиылысынан өтіп бара жатқан скутер жүргізушісі автокөлікпен соқтығысып қалады.

Оқиға "Қырғы базар" жақта болған
Оқиға «Қырғы базар» жақта болған

Бұл келеңсіз жағдай «Қырғы базар» жақта, «Акбар» көтерме сауда орнының алдында болды. Төле би көшесінің бойымен төмен қарай кетіп бара жатқан скутерді өзге көліктер жіберіп тұрған. Алайда ақ түсті автокөліктің жүргізушісі скутерді байқамады ма, әлде алдын орап кетемін деп ойлады ма, әйтеуір, алдынан шыға келеді. Салдарынан екеуі қақтығысып, жерге құлап қалған скутер жүргізушісін көлік басып-жаншып өтеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ahDhUNBiqAs[/youtube]

Скутер жүргізушісінің көрер жарығы бар екен – тірі қалды. Құдай сақтап, көлік оның қолын басып кеткен. Оқиға орнына бірнеше ондаған адам жиналып қалды.

Оқиға орнына адамдар лезде жиналып қалды
Оқиға орнына адамдар лезде жиналып қалды

Адам қағып кеткен көліктің жүргізушісі де оқиға орнынан қашып кеткен жоқ. Ол зардап шеккен жігітке көмек көрсетіп, ары қарай ауруханаға алып кетті.