ОҚО жастар саясаты басқармасының басшысы ауысты

Абзал ӘЛІҚҰЛОВ
Абзал ӘЛІҚҰЛОВ
Абзал ӘЛІҚҰЛОВ

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы келді. Бұл орынтаққа облыс әкімінің өкімімен Абзал Әліқұлов тағайындалды.

А.Әліқұлов 1972 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын Шардара ауданының «Юбилейный» совхозының статисі болып бастаған. 1997-2013 жылдары Төлеби біріккен қалалық әскери комиссариатының қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық әскери комиссариатының 1-ші бөлім бастығының көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскери қызметтің офицерлік құрамында қызмет, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім меңгерушісінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, департамент директорының орынбасары, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші аудандық салық комитетінің бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2012 жылдың қазан айынан бастап Арыс қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келеді.

Ал осыған дейін аталған басқарманы басқарған Қайрат Асылбекұлы Төлебаев Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен  өз еркі бойынша, берген арызына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.