Оқушы ұрыларды ұстауға көмектескен

364
15 жасар бозбала №9 мектептің оқушысы

 

15 жасар бозбала №9 мектептің оқушысы
15 жасар бозбала №9 мектептің оқушысы

Шымкентте 15 жасар бала пәтер тонаумен айналысатын әккі баукеспелерді қолға түсуріге көмектесті. Қазақстанның өзге облыстары мен шетелдің қылмыскерлерінен құралған топты қолға түсіргенде тәртіп сақшылары да таң қалысты. Криминалды синдикат бір ғана Шымкентте 5 үйдің мүлкін үптеп кеткені анықталды.  

15 жасар Иман Шойынбаев қаладағы №9 мектептің 9-сыныбында оқиды. Құрбы-құрдастарының арасында үздік оқушы компьютерлік ойындарының да шебері. 23-шілде күні ол әдеттегідей өз үйінде компьютерін шұқылап отырған. Оның назарын пәтер есігінің алдындағы дауыстар бөліп жібереді.

Иман Шойынбаев: «Жайлап барып қарасам көрші пәтердің есігін әлдебіреулер ашайын деп жатыр. Ұрылар ғой деп мен дереу 102 хабарласып полиция қызметкерлерін шақырдым».

Жеткіншектің шақыртуымен келген жедел топ үш күдіктіні қолға түсірді. Қылмыстық топ арнайы Шымкент қаласына басқа қалалардан пәтер тонау мақсатымен келген. Ұйымдасқан топтағы әрқайсысының өз міндеті де болыпты.

Ғабит Алтыбаев, ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің тергеушісі: «Біреуі пәтерге кірмесін деп сыртында андып отырған. Біреуі кілттер таңдау арқылы есіктерді ашқан. Кейін есікті ашқанда ұрлық фактісін жасаған».

Айта кету керек тергеу барысында бұл топтың мүшелері бұрын да соттылығы болғаны анықталған. Сондықтан болар әккі баукеспелер пәтерлерден тек қымбат бағалы зергерлік бұйымдар мен ақшаны ғана алып кетуді мақсат еткен.

Ғабит Алтыбаев, ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің тергеушісі: «Жалпы телевизор, компьютер ұрламайтын болған. Себебі айғақ заттар ретінде тауып алады деп қорыққан. Арнайы осы алтын, ақша ұрлау үшін Шымкент қаласына келген».

Қазіргі уақытта қылмескерлерге ҚР қылмыстық кодексінің 177 бабының «а», «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Және де олардың Шымкентте бұған дейін 5 баспананы тонап кеткені анықталып отыр. Тұрғындарға келтірілген материалдық шығын анықталуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9Y8uOEHvpaY[/youtube]