Оңтүстік жеңімпаздарына құрмет көрсетті

186
Еркін күрескер Бердақ Пірімбаев қола жүлде қоржынымызға салған болатын
Еркін күрескер Бердақ Пірімбаев қола жүлде қоржынымызға салған болатын
Еркін күрескер Бердақ Пірімбаев қола жүлде қоржынымызға салған болатын

Шәмші аллеясында бүкіләлемдік универсиаданың чемпиондарын марапаттады. Биылғы Татарстан астанасы Қазан қаласында жуырда өткен XXVII Бүкіләлемдік Жазғы Универсиадада біздің сполртшыларымыз үшін жемісті болды. 10 медальді қоржынға салды. 1 алтын, 2 күміс және 7 қола. 

Олжамен оралған жерлестерінің құрметіне аймақ тұрғындары Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы аллеяға жиналып, спортшыларға сый-құрмет көрсетті.
Жалпы, Универсиадада оңтүстік өңірінің атынан 43 сайыскер спорттың 15 түрінен бақ сынаған болатын. Соның ішінде күрес, бокс, қабырғаға оқ атудан аймақ спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
Байдарка және каноэ есуден Сергей Емельянов екі бірдей күміске қол жеткізсе, оқ атудан Олеся Снегиревич алтын медаль иеленіп қайтты.
Облыс әкімдігі 1-ші жүлдеге қол жеткізгендерге 300 мың, күміс медаль жеңіп алғандарға 250 мың, қоланы қанжығаға байлағандарға 150 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етті. Марапаттау кешінде Қазақстанның эстрада жұлдыздары шашу шашты.