Оңтүстікте 2 мың жыл бұрынғы екі қорым табылды

970
Екі мың жыл бұрынғы қорым табылды

 

Екі мың жыл бұрынғы қорым табылды
Екі мың жыл бұрынғы қорым табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында археологтар Қаңлы қағанаты дәуіріндегі екі қорымды тапты. Шамамен 2 мың жыл бұрын өмір сүрген мәдениетке тиесілі қабір өте жақсы сақталған. Қорымнан қару-жарақтар мен зергерлік бұйымдар да шықты. 

Сансыз қорғандарымен әйгілі Күлтөбе қалашығын зерттеген ғалымдардар тағы олжалы болды. Үш ай бойы төбелерді ақтарып, ежелгі мәдениет іздерін зерттеген археологтар Қаңлы қағанаты тұрғындарының қорымын тауып отыр. Мәселен, сүйегі тұтастай сақталған мына екі адам бір отбасы мүшелері.

Сүйектер жанынан табылған заттар бұл отбасының ауқатты болғанын білдіреді. Мәселен, әйелде жартылай асыл тастармен көмкерілген білезік және сақина бар. Әшекейлердің басым көпшілі Африка мен Еуропа жерінде ғана болатын тастардан жасалғаны, Қаңлылардың өзге де мәдениеттермен тығыз байланыста болғанын дәлелдейді. Өкініштісі, қорым бірнеше рет тоналған.

Археологтар обаның бүтін күйі табылғанын олжаға балап отыр
Археологтар обаның бүтін күйі табылғанын олжаға балап отыр

Полат Файзуллаев, археологиялық экспедицияның мүшесі: «Біз қорғанды ашқан кезде сүйек қимылдаған және шашылған қалдықтары шығады. Құмыраның сынған заттары онан кейін мына әшекейлердің алынғаны. Алтын бұйымдар, күміс бұйымдар алынған».

Археологтар алтын мен күміс бұйымдар болмаса да, обаның бүтін күйі табылғанын олжаға балап отыр. Қаңлы, Сармат пен Сақтардың бұған дейінгі бұзылмаған жерасты күмбезді қорымы саусақпен санарлық екен. Экспедиция тапқан сондай оба ішінен бірден 5 адамның сүйегі шықты.

Александр Подушкин, тарих ғылымдарының докторы, профессор: «Бұл көр шұңқырда әйел еркегі аралас 5 адам жерленген. Бесеуінің де басы шығысқа қарап жатты. Ең кереметі бейіт ішін бесікке ұқсатып жасаған. Бұл дегеніңіз сол кездегі адамдар өлімнен кейін өмір бар деп пайымдағанын білдіреді».

5 адамдық отбасылық сағананың ішінен де жебенің ұшы мен асыл тастардан жасалған бұйымдар табылды. Бұл да тонаушылардан аман жеткен мұраның тек бір бөлігі. Жәдігерлердің барлығы Алматыдағы Мемлекеттік мұражайға жеткізілетін болды.  ktk.kz

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tqD6GBwj_F8[/youtube]