«Саябаққа ой салатын мүсіндер керек»

704
Саябақтар күрделі жөндеуден өтті

Бүгін бүкіләлемдік сәулетшілер күні. Халықаралық сәулетшілер одағы кеңесінің бастамасымен 1986 жылдан бері жыл сайын атап өтіліп келеді.

Саябақтар күрделі жөндеуден өтті
Саябақтар күрделі жөндеуден өтті

Қазақстандағы үшінші қалаға айналуы тиіс Шымқаланың сәулеті соңғы жылдары көп өзгеріп, ерекше көркейіп келеді. Мұны облысымызға танымал мүсінші Насыр Рүстемов те айтып отыр. Қаланың көріктенуіне көңілі толғанымен, сәулеткер өзіндік базы да барында жасырмайды.

мүсінші жаңа туындыларын жасауда
мүсінші жаңа туындыларын жасауда

Насыр Рүстемов, мүсінші: » Саябақтың саясатына, мәдениетіне сай келмейтін дүниелер көп. Темірден оюларды көшіріп сала берген. Ол оюлармен әзілдесуге болмайды. Оюдың ішкі дүниесі бар, оның символы бар. Жастыққа жасалатын ою сияқтыларды темірден қырқып паркке қойып қойсақ,өзіміздің ұлтымыз бен салтымызды көтергенге жатпайды».

Насыр Рүстемов
Насыр Рүстемов

Сондықтан болар, белгілі мүсінші «Алдар көсенің» ескерткішінен бастап, түрлі жанрдағы мүсіндерді ойлап табыпты. Ендігі жұмысы, идеяны билікке паш ету.

Мысалы үшін, бір-бірімен жарысқан мына жылқылар атшабардың алдына лайық. Ұлттық ойындар мен түрлі спорт жарыстары өтетін атшабарға келетін қонақтарға ой салатын бұл мүсіннің алар орны ерек дейді шығармашыл жан.

саябақтан бір көрініс
саябақтан бір көрініс

Ал саябақтарға түрлі жанрдағы мүсіндер жетіспейді екен. Айтпақшы, мүсіншінің қытығына тиетін тағы бір дүние-көше қиылысындағы жасанды қызғалдақтар мен құмырылар. Оның орнына шынайы қызғалдақ отырғызған он есе артық дейді.