Шымкентте ресейлік азамат 19 келі героинмен ұсталды

381
Түйіншектердің ішіне героин сықап толтырылған

Шымкенттік полицейлер ірі көлемді героинды тәркіледі. Тәртіп сақшылары көптен бері аңдып жүріп, күдіктіні өлім ұрығын себетін есірткі затымен бірге құрықтаған. Оның қолындағы тыйым салынған заттың қара нарықтағы бағасы 100 мың АҚШ долларынан асып кетеді.

Түйіншектердің ішіне героин сықап толтырылған
Түйіншектердің ішіне героин сықап толтырылған

Арнайы операцияға есірткі бизнесімен күрес комитетінің қызметкерлері мен жергілікті тәртіп сақшылары қатысты. Қолға түскен күдікті – 31 жастағы Ресей азаматы болып шыққан. Құрылыс базасына келген сәтінде құрыққа ілінген оның сөмкесінен бірнеше түйіншек табылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MMEWDIDF6Bg[/youtube]

Тәркіленген героинның жалпы салмағы -тұр-тура 19 келі. Күдікті азамат бұл есірткіні 50 мың АҚШ доллары және құны 80 мың доллар болатын көлікке айырбастамақ болыпты. Тергеушілер есірткінің Қырғызстаннан әкелінгенін анықтап отыр. Қазір осы сезіктінің сыбайластары іздестірілу үстінде.

Шұғыл уәкілетті қызметкерлер есірткінің салмағын есептеп жатыр
Шұғыл уәкілетті қызметкерлер есірткінің салмағын есептеп жатыр