Түлкібастықтар алмаларын көбейтіп жатыр

Кеңес кезінде Түлкібаста 4,5 мың гектардан аса бауда алма өсірілетін.
Кеңес кезінде Түлкібаста 4,5 мың гектардан аса бауда алма өсірілетін.
Кеңес кезінде Түлкібаста 4,5 мың гектардан аса бауда алма өсірілетін.

Түлкібастың тәтті алмасын қайта көбейтуіміз керек. Аудан шаруалары қазір алма бауларын қолға алуды күшейтті. Қазір ондағы 4 мың гектардай алқапқа аталған жеміс түрінің түрлі сорты егіліп, бапталып жатыр.

«Көктал» Шаруа қожалығындағы 200 гектарда 170 мың түп алма өсіріледі. Аталған жемістің 10 түрін баптайтын қожалықтың өнімдері жергілікті жұрттан ақ артылмайды. Сондықтан алма бауының көлемін ұлғайтуды бас шаруа жоспарлап жүр. Оған мемлекет те қолдау көрсетуде.

Асқар Төлешов, «Көк тал» ШҚ төрағасы: «Мемлекеттен көмек алдында болған жоқ еді. Соңғы 7-8 жыл болды. Мемлекеттен несие алып жатырмыз арзан пайызбен. Биыл да міні 110 млн.дай. «РИЦ Максимумнан» алып жатырмыз Құдай қаласа 7 процент».

Кеңес кезінде ауданда 4,5 мың гектарда алма бауы жайқалатын. Түлкібастың тәтті алмасы деген атақ сол кезде ақ КСРО елдеріне танымал еді. Аудан басшылығы қазір сол абыройды қайтарып алуды ойластырып жүр. Соның арқасында алкедегі алма бауының көлемі қазір 3,7 мың гектарға жетіпті.

Олар алма көшеттері дұрыс өсу үшін де арнайы 4 гектар тұқымбақ арнап қойған.
Олар алма көшеттері дұрыс өсу үшін де арнайы 4 гектар тұқымбақ арнап қойған.

Қайрат Әбдуәлиев, Түлкібас ауданының әкімі: «Былтырғы жылы жоспарланған 740 гектар болса, біз 1000 гектарға орындадық. Биылғы жылы да жоспарлы жүріп жатыр. Себебі, барлық осы баудың ескіруіне байланысты, барлық өндірістік кооперативтердің тарауына байланысты, алманы биылғы жылы амандық болса біз Союз кезіндегі қалпына келтіреміз бе деген жоспарымыз бар».

«Кен-Тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де 80 гектар жерінен жыл сайын көлемді түрде жеміс алмақ. Мерзімді жылдар ішінде баудан түрлі сорттағы өнім алынып, шаруа қожалығы алма алу ісіне үлес қоспақшы.

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=or9P-rz2UPI[/youtube]