Жерлесіміз-Азия Чемпионы

536
Нұржан Сейтжан 46 келі салмақта боз кілемге шықты
Нұржан Сейтжан 46 келі салмақта боз кілемге шықты
Нұржан Сейтжан 46 келі салмақта боз кілемге шықты

Жерлесіміз Нұржан Сейтжан Азия Чемпионы атанды. Еркін күрес, грек-рим және әйелдер арасындағы күестен Монғолия елінің Улан батор қаласында Азия жарысы өткен болатын. Нұржан 46 келі салмақта күрестің еркін түрінен белдесті. Улан Баторда жерлесіміз алдымен алаң иелері монғол Тсогбаграх Тсевенсуренды 7:0 есебімен жеңіп, кейіннен Үнді палуаны   Ринку Ринкуден 11:3 айқын басымдылық танытты. Ал ақтық сында Нұржан ирандық Ханрамани Кейролланнан мықты екендігін дәлілдеп, Тоймаған мырзаның бапкерлігімен ол боз кілемде жауырыны жер иіскемеген жеңімпаз атанды. Жалпы есепте ел құрамасында 1 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль. Жалпыесепте еліміздің кадеттер құрамасы 72 ұпаймен үздік үштіктен көрінді. Алда 84 ұпаймен Үнді палуандары және 80 ұпаймен Иран күрескерлері.