Ауыл әкімдерін сайлау науқаны Оңтүстіктен бастау алды

363
бұл сайлау өзге сайлаудан өзгерек
бұл сайлау өзге сайлаудан өзгерек
бұл сайлау өзге сайлаудан өзгерек

Бүгін бірқатар ауданда ауыл әкімдері жаңа жүйе бойынша сайланды. Осыған дейін бұл қызметке тағайындалып келген болса, бұл күні жергілікті мәслихат депутаттары өз таңдауларын жасады.

Қазығұрт 13,Сайрам 17, Төле би 15 ауылдық округке халық қалаулыларының даусымен әкім сайлады. Үміткерлердің арасында орда бұзар отыздағылар мен алпысты алқымдаған ел ағалары да болды. Қарапайым мұғалімнен бастап мен экономист пен агроном да ауылнайлықтан үмітті. Не керек, тақталас тартысты өтіп жатты. Ал науқанның басы-қасындағы жүргендердің соқпақ-сүрлеуі тың сайлаудан күтері көп.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сейдулла Сеңгірбаев «бұған дейін олар тағайындалып келген, енді оларды халықтың өкілдері сайлап жатыр, енді жақынырақ болатын болды, оның үстіне өз бюджеті болған соң проблемаларын да өздері шешетін болады» дейді.
«Сайлау әділ өтті» деп баға беруге әлі ерте. Сайланған әкім бір жылдан кейін ел алдына шығып есеп беруі керек. Бұл шараға сайлау комиссиясының өкілдері мен саясаттанушылар да қатысуы қажет. Саяси науқанның қаншалықты жемісті болғанын сол кезде аңғаруға болар еді дейді орталық сайлау комиссиясынан келген өкіл.

Аптыққан әкімдерді комиссия да көп күттірткен жоқ. Төлеби аудандық сайлау комиссиясы тіпті, түске дейін-ақ саяси шараны қорытындылап тастады. «Болыс, болдым мінекей» деп үш ауданнан 35 әкім бір күнде-ақ атқа қонды. Дүбірлі дода кеңселерде дүбірлеп өтіп жатты. Ал қарапайым халық күнделікті күйбең тіршілігін күйттеп сыртта қалды.

Науқаннан тысқары қалғандар «ауыл әкімі ауыл халқының даусымен сайлануы керек еді» деп өкпе-ренішін артты. Дәл осындай жүйемен бұдан бұрын да аудан әкімдерін сайланғанбыз. Алайда, «әкімді халқына жақын» ете алмаған соң бұл жүйені ысырып тастадық. Саяси ақуалды алақандағыдай аңдып отыратын халық та «соны» сайлаудың сырына қанық. Науқанға деген күман-күдігі сейілмей отырғаны да сондықтан.