Ауылды қосып қалаға, Шымкент миллионер бола ма?

Бүгіндері шымкенттіктерден гөрі «суб-шымкенттіктердің» саны көбейе бастаған. Түсінуімізше, облыс, қала басшылығы жан-жағындағы ауыл-аймақтарды құрамына қосып алып, осылайша миллионға жетпей жатқан бір-екі жүз мың халықтың орнын толтыруды мақсат тұтып отыр
Бүгіндері шымкенттіктерден гөрі «суб-шымкенттіктердің» саны көбейе бастаған. Түсінуімізше, облыс, қала басшылығы жан-жағындағы ауыл-аймақтарды құрамына қосып алып, осылайша миллионға жетпей жатқан бір-екі жүз мың халықтың орнын толтыруды мақсат тұтып отыр
Бүгіндері шымкенттіктерден гөрі «суб-шымкенттіктердің» саны көбейе бастаған. Түсінуімізше, облыс, қала басшылығы жан-жағындағы ауыл-аймақтарды құрамына қосып алып, осылайша миллионға жетпей жатқан бір-екі жүз мың халықтың орнын толтыруды мақсат тұтып отыр

Үшінші қала атанғысы келіп, жанталасып жатқан Шымкенттің аумағы соңғы кездері үлкейіп барады. Жыл өткен сайын маңындағы аудандардың жерін тартып алып, соның есебінен халық санын көбейтпекші. Өз ішінде туу көрсеткіші төмен болған соң, амалсыздан осындай қадамдарға баруға мәжбүр. Әйтпесе өзге ауданның жерін ауылдардағы халқымен қосып алып, ауылды қала қылып жіберетіндей Шымкент ондай дәрежеге әлі жете қойған жоқ.

Өткен жылы қабылданған қаланың Бас жоспары бойынша тағы да ондаған ауылды «жұтып» қойды. Мәселен Ордабасы ауданынан 2 ауыл қала территориясына кіргізілсе, Сайрам ауданына қарасты 29 ауыл Шымкент құрамына өткен. Өзінің қотырын қаси алмай жүрген шаһар суы да, нуы да, тіпті жолы да жоқ, «Ильич шамынсыз» отырған қала ішіндегі шағын елді мекендердің күрмеуі тоқсан мәселелерін шешіп бере алмай отырып, осындай қадамға барды.

Шымкенттің кеше ғана орнынан кеткен әкімі Қайрат Молдасейітов пен оның алдындағы Арман Жетпісбай мырзалар таяу жылдары облыс орталығы адам танымастай өзгереді дегентұғын. Мұндай сөздерді, мұндай уәделерді бұған дейін қаланы басқарған әкімдердің барлығы дерлік айтқаны есімізде. Алайда Шымкенттің қаладан гөрі ауылға айналып бара жатқанын сырт көз көп айтады бүгінде. Бас жоспар бекітілді-ау, бірақ маңайдағы қосылған ауылдар енді өздерін қаланың бір бөлшегіндей сезінетін кез әлі тым алыс секілді. Себебі қаланың өз мәселелері бастан асады.

Анығын айту керек, шымкенттіктердің дені қаланың ескі бөлігінде шоғырланған. Ал қалаға кіретін ауылдарда жол, көлік, жылу, жарық, газ мәселелері толық шешілмеген. Жуық арада шешіле қоюы да екіталай. Қала басшылығы «шешеміз» деуден бір танбайды. Бұлай уәде беріп келе жатқандарына ондаған жыл болды. Жыл он екі ай тұрғындар тарапынан дау туындайды да жатады. Өйткені кезінде төңіректегі жерлерді қалаға қосып, мыңдаған жер телімдері оңды-солды үлестірілген. Сөйтіп қала сол тұста ұзынынан да, көлденеңінен де есепсіз өсіп шыға келген-ді.

Бүгіндері шымкенттіктерден гөрі «суб-шымкенттіктердің» саны көбейе бастаған. Түсінуімізше, облыс, қала басшылығы жан-жағындағы ауыл-аймақтарды құрамына қосып алып, осылайша миллионға жетпей жатқан бір-екі жүз мың халықтың орнын толтыруды мақсат тұтып отыр. Егер қаланың өз ішіндегі игерілмей, қаңырап жатқан бөліктері ретке келтіріліп, тұрғын-үйлер салынып, тиімді инфрақұрылым қалыптасып, жұмыс орындары көптеп ашылып жатса шеттегі елді мекендерді қоспай-ақ, қала халқының саны еселеп артар еді ғой деп пайымдаймыз. Елбасы үшінші қала мәртебесіне ұмтылу қажеттігін айтқан кезде әйтеуір қалай болса солай халық санын көбейтіп, ондағы халықты адам төзгісіз жағдайда жылдап тастап қоюды тапсырмағаны, қайта Шымкентті өркениетті қалаға айналдырып, ең бірінші кезекте халыққа жайлы жағдай жасауды, елдің наласына қалмауды тапсырғаны анық. Амал не, батыстық үлгідегі «Шымкент-ситиге» айналғысы келетін Шымкент осылайша әлі күнге ескі «рабат» қалпынан шыға алмай келеді.

Дәурен Әбдіраманов