Бір топ жігіт ағасы ерлі-зайыптылардан ақша бопсалаған

253
Қамал бұзар шақтарында шалыс басқан күдіктілер жерде жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында ақша бопсалау оқиғасы орын алды. Жергілікті тәртіп сақшыларына 35 жастағы ерлі-зайыптылар шағымданып келген. Олардың айтуларынша, бір топ кісі ақша бопсалапты.

Қолға түскен күдікті
Қолға түскен күдікті

Жедел қимылдаған полицейлер жәбірленушілердің үйіне келген сәттерінде төрт күдіктіні қолға түсіреді. Олар 45 және 35 жастағы жергілікті тұрғындар болып шыққан. Қалталарын тінту кезінде 150 мың теңге табылып, тәркіленіп алынды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UrdMp9LCRzI[/youtube]

Тергеушілердің мәліметінше, оқиға былай болған: 2 күн бұрын жәбірленуші мен күдіктілердің бірі ауылдарына бір таксимен келіпті. Жолда екі азамат сөзге келіп, ерегісіп қалады. Соған кектенген жігіт ағасы өзінен кіші жерлесінен өшін алмақ болып, жәбірленушінің үйіне таныстарын ертіп келеді. Төртеу болып келіп, әй-шәй жоқ, 5000 АҚШ долларын талап еткен. Олай болмаған жағдайда «үйлеріңді өртеп, бала-шағаңды ұрлап кетеміз» деп қорқытыпты.

Ақша бопсалауды ұйымдастырған - осы күдікті
Ақша бопсалауды ұйымдастырған – осы күдікті

Өмірлерін қауіптенген жас жұбайлар қолда бар 150 мың  теңгелерін беруге мәжбүр болады. Күдіктілер сол ақшаны алып тұрған жерінен құрықталды. Қалталарынан табылған ақша айғақты зат ретінде тәркіленген. Қазір полицейлер қылмысты іс қозғап, тергеуді жалғастыруда.

Қамал бұзар шақтарында шалыс басқан күдіктілер жерде жатыр
Қамал бұзар шақтарында шалыс басқан күдіктілер жерде жатыр