ОҚО-да 245 мектепті жабу туралы сот шешімі шықты

736
2011 жылдан бері мектеп жабылған

Өңірімізде сол бүлдіршіндерді білім ошағына қабылдауға дайын емес мектептер бар. ОҚО ауданаралық экономикалық соты 245 мектепті жабу туралы шешім шығарды. Білім ұяларының 213-де өрт қауіпсіздігі талаптары өрескел бұзылған. Ал 30-ы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бере алмайтыны анықталыпты. Тиісті талаптарға сай емес мектептер бойынша көшті Сайрам ауданы бастап тұр екен. Бұл ауданына – 68, Төлебиде – 42, Қазығұртта -33, Шымкент қаласында -26, Сарығаш ауданында – 16 мектептен кешіміліктер орын алған. 

ОҚО-да 245
ОҚО-да 138 мектеп өрт қарсы талаптарға сай емес екен

Өрт-техникалық тексеру нәтижесінде облыстағы мыңнан аса мектептің 138-і өртке қарсы талаптарға сай емес деп танылған. 696 нысанға автоматты дабыл қаққыш орнату қажет екен. Сондай-ақ, көпшілігінде өрт сөндіру жүйелерін сумен қамтамасыз ету де талапқа сай емес. Кемшіліктердің көбі жыл басында анықталған. Жаңа оқу жылының басталуына он күн қалды. Олқылықтар әлі жойылмаған.

Бақытжан Құлмағанбетов, ОҚО ТЖД басшысының орынбасары: «Ақпан айынан бастап біз тексердік, наурыз-сәуір айларында біз бітірдік. 6 ай уақыт болды. Мынау мектеп басшылығы, білім басқармаларының басшылығы бұған немқұрайлы қарады. Одан ешқандай нәтиже шығарған жоқ».

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өрескел бұзғанын қоспағанда, бірқатар білім ұясы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға да жауап бермейді. Осыны ескерген облыстық мамандандырылған экономикалық сот 155 мектептің қызметін тоқтатуға шешім шығарған. 192 арыз бойыша жауапкерлер айыбын өздері мойындаған.

Ғани Бектаев, ОҚО ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы: «240-тан астам талап-арыздар бізде қаралып, қанағаттандырылды. Барлықтарына дерлік кемшілік алғандары өз дәлелін тауып отырды».

Бұл аталған мектептерді білім күні болмайды деген сөз емес. Кемшілік орын алған мектептерге қараша айының 1-ші жұлдызына дейін қосымша уақыт берілді. Сол мерзімге дейін білім ұялары бар олқылықтардың орнын толтыруы тиіс. Облыстағы білім беру мекемелерінің қызметін қадағалайтын орган бар кінәні жергілікті билікке жауып қоя салды. Білім басқармасындағылар «мектептердің тек оқулықтары мен кадрлар ғана бізге қарайды, біз ешқандай ұсынысты қабылдамаймыз деп ақталды.

Нышан Байғұтов, ОҚО Білім басқармасы бастығының орынбасары: «Себебі бюджет қаржысын бөлетін де, оны анықтайтын, айқындайтын да аудан-қала әкімдері. Сол кісілерге ұсыныс берілген. Ол жылдағы болап жатқан тірлік. Мысалға бүгін бір мекемені тексеретін болса, сол бойынша актісі -ұысынысы жергілікті жерге беріледі».

Осындай кемшіліктерге қарамастан мектептер білім күнінде бала қабылдауын тоқтатпайды. Тек берілген мерзімде кемшіліктер жойылмаса, ол оқу ошақтарында жұмыс уақытша тоқтатылуы мүмкін.