Көзілдірік үшін құрдасын пышақтап өлтіргендер сотталды

223
Айыпталушы

Өз құрдасын пышақтап тастаған жігіттер сотталды. Оқиға Сарығаш ауданында осы жылдың сәуір айында орын алған. Жас жігіттердің араларындағы бас араздық салдарынан 21 жастағы жігіт қаза болған еді.

Айыпталушы
Айыпталушы

Айта кететін жағдай – кісі өлімі Сарығаштың орталығында тал түсте, әскери бөлімнің алдында орын алды. Көзілдірік үшін өшіккен айыпталушы сыбайласымен бірге өзінің құрдасын ұрмақ болған. Жәбірленуші қаша жөнелгенде екі жігіт соңынан қуып жетіп, пышақ ұрған. Жаралы жігіт әскери бөлімге дейін қашып барған. Сондағы бақылау камерасына түсіп қалған кадрлар тергеуде негізгі айғақтың бірі болды. Ал әлгі бұзақылар оның жараланғанына қарамастан соңынан қуып жетіп, тағы да сазайын бермек болғаны таспаға түсіп қалған. Жарақат алған жігіт көп өтпей қаза болды. Осы іс бойынша үкім оқыған сот күдіктілердің бірін 10 жылға бас бостандығынан айырса, оның сыбайласы 2 жылға темір торға қамалатын болды. Дегенмен, айыпталушылардың ата-аналары бұл үкімге риза еместерін бірден білдірді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KVU_p0454go[/youtube]