М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 70 жылдығы тойлануда

835
ОҚМУ-да 17 мыңнана астам студент білім алады

Мұхтар омарханұлы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне биыл – 70 жыл. Жоғарғы оқу орнының ұжымы айтулы датаны тойлауды бастап жіберді. Қазақстан халқының тілдері мерекесін айрықша атап өткен білім ошағында бүгінде 17 мыңнан астам студент білім алып жүр. Ғылыми университет болуды мақсат етіп отырған оқу орнының асқақ жоспары жоқ емес. Бағындырған белестері мен жетістіктері де жетерлік.

ОҚМУ-да 17 мыңнана астам студент білім алады
ОҚМУ-да 17 мыңнан астам студент білім алады

 Жамбыл Айменов, ОҚМУ-дің бірінші проректоры: «70 жылдың ішінде біздің университет ауыз толтырып айтарлықтай жеңіске жетті. «Куес» рейтингі бойынша біз жоғары оқу орындарының тізіміне ендік, бүкіл республикалық ЖОО арасында 3-орынға көтерілдік. Одан кейін оқуға білім грантын жеңгендердің тапсыруы бойынша 4-орынды иемдендік. Ал әр факультеттегі жеке-жеке мамандықтарды алатын болсақ, бүкіл республика бойынша 22 мамандығымыз 1, 2-орындарды иеленген. Бұл да біз үшін үлкен жетістік. Бұған қоса «Қазақстанның даңқы» деген үлкен құрметпен берілетін орден де біздің университеттің ректорына берілді».

Әлішер Сәлібаев, ОҚМУ-дің студенті: «Мен ұстаздарымның тәжірибесі мен оқыту әдістеріне тәнтімін. Сабақтың барлығы жаңа технологиямен өтіледі. Қазір нағыз студенттік өмірді бастан өткеріп жүрміз! Студенттік іс-шараларға да белсене қатысып жатырмыз. Әр мерекенің қызықты тойлануы да біз үшін үлкен маңызға ие».

70 жылдық мерейтойды жоғарғы оқу орнының ұжымы қазан айында үлкен көлемде атап өтпек. Ал университетте білімін жетілдіріп жүрген студенттер халықаралық конференцияларға қатысу үшін ғылыми жұмыстарын дайындауда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jqtN0o7-9YY[/youtube]