Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында тілдер мерекесі өтті

386
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының студенттері тіл мерекесінде өнерлерін көрсетті

22-қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық академиясында да атап өтілді. Осыған орай «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған оқу орнының ұжымы жақсы дайындалған. Әсіресе, бірінші курс студенттері барынша атсалысты.

Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының  студенттері  тіл мерекесінде өнерлерін көрсетті
Жоғарғы оқу орнының студенттері тіл мерекесінде өнерлерін көрсетті

Батиха Тапилова, ОҚМФА оқытушысы: «Мерекеге қызу дайындалдық. Нәтижесін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Балалармен қосылып, өзіміз де билегіміз келіп тұр. Біздің кафедра бұл шараға оқуға жаңа түскен студенттерді жұмылдырды.»

Оқу орнындағы мерекелік бағдарламаның аясы кең. Шара шеңберінде этностардың мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрі жайлы тақырыптарда дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізу жоспарланған. Әрбір іс-шара байтақ елімізде мекендеген әр азаматты тіл, діл, дініне бөлмей құрметтеуге тәрбиелейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IkVdCbhSXhQ[/youtube]