Оңтүстіктің шекарашылары сынақтан өтіп жатыр (фоторепортаж)

Әрбір офицерге 4 оқтан ғана беріледі. 4 оқтың 3-уі нысанаға дөп тиюі тиіс

Өңірімізде шекарашыларды кезектен тыс аттестациялау басталды. Әскери қызметшілерді сынақтан өткізу Елбасының жарлығы бойынша ұйымдастырылуда. Қазір Сарыағаш ауданы, Жетісай мен Леңгір қалаларындағы шекара қызметтерінің офицерлері сапта тұру, спорттық сайыстар мен ату жаттығулары және психологиялық сауалдар бойынша емтихан тапсырып жатыр.

Тапсырмалар офицерлердің жасына қарай белгіленеді
Тапсырмалар офицерлердің жасына қарай белгіленеді

 

Астанадан келген комиссияның зерттеуінше, әскери қызметшілердің 85-90 пайызы Отанды қорғауға толық дайын. Әсіресе, сарбаздарымыз спорттық жаттығулар бойынша ел көлемінде оқ бойы озық тұр.

 

 

Қамарбек Арыстанбеков, 2020 әскери бөлімінің Жетісай шекара бақылау бөлімшесінің офицері: «Әркім өзінің дайындығына сәйкес нәтиже алып жатыр. Былай қиын ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Құдайға шүкір, дайындалғаннан кейін бәрін жақсы тапсырдық деп ойлаймын. Енді әркімге – әрқалай. Маған мысалы қиындық тудырып жатқан жоқ».

Әрбір офицерге 4 оқтан ғана беріледі. 4 оқтың 3-уі нысанаға дөп тиюі тиіс
Әрбір офицерге 4 оқтан ғана беріледі. Соның 3-еуі нысанаға дөп тиюі тиіс

Дегенмен, қарудан ату мен сапта тұру жаттығуларында аздаған қиындықтар кездесіп қалуда. Бұл ретте Шығыстағы офицерлермен салыстырғанда біздің сарбаздардың деңгейі төмен дейді комиссия мүшелері. Айта өтейік, шекарашыларды сынақтан өткізу елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылуда.

Толқындат Төлешов, ҚР ҰҚК шекара қызметі бас штаб бастығының орынбасары: «Сарбаздардың әзірліктері жақсы. Нашар деп айта алмаймыз. Осы аттестациядан кейін жиналыс болады. Сол жерде аттестацияға нашар  әзірленген қызметшілер жұмысын жалғастыру-жалғастырмауы шешіледі».

Аттестаттау Республика бойынша мамыр айынан бері өткізіліп келеді
Сынақ Қазақстан бойынша мамыр айынан бері өткізіліп келеді

Қазақстан бойынша мамыр айында басталған сынақ емтиханы Оңтүстік Өңірлік басқармасында қараша айында бітеді. Одан соң Астаналық комиссия Қызылордадағы әскери қызметшілердің дайындығын тексереді.

IMG_4003

IMG_4014