Сүйінші! Оңтүстік енді газ тәуелділігінен құтылады

262
Тарихи сәт

Оңтүстік Қазақстан облысының халқы енді көгілдір отын үшін ешкімге тәуелді болмайды. Бұйыртса, бұл күн де алыс емес. Олай дейтініміз, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының «Бозой-Шымкент» учаскесіне газ толтыру басталды. Бұл тарихи сәтке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай елінің төрағасы Си Цзиньпиннің рұқсатымен іскерлік кездесу барысында жүздеген азамат куә болды.

Тарихи сәт
Тарихи сәт

Айта кету керек, құбырларға көгілдір отынды толтыру процесі 1 айдай уақыт ішінде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жаңа магистраль бойынша тасымалданатын газ ішкі тұтынуға арналады. Бұл – осы құбыр бойында орналасқан 500-ден астам ауыл тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді деген сөз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=xx0eFsb8Ggs[/youtube]